О внесении изменения в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан"

Решение Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 24 июня 2014 года № 29/169-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 8 июля 2014 года № 2709. Утратило силу решением Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 27 сентября 2017 года № 19/113-VI

      Сноска. Утратило силу решением Туркестанского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 27.09.2017 № 19/113-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 марта 2014 года № 185 "Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере жилищно-коммунального хозяйства", Туркестанский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Туркестанского городского маслихата от 14 марта 2013 года № 12/81-V "Об утверждении размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (граждан) по городу Туркестан" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2255, опубликовано 6 апреля 2013 года в газете "Туркистон") следующее изменение:

      в размере и порядке оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по городу Туркестан, утвержденных указанным решением:

      пункт 7 изложить в следующей редакции:

      "7. Уполномоченный орган в течение десяти календарных дней со дня предоставления необходимых для назначения жилищной помощи документов, принимает решение о назначении или отказе в назначении жилищной помощи, о чем уведомляет заявителя.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии
      городского маслихата Б. Турды
      Секретарь городского
      маслихата Г. Рысбеков

Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 12/81-V "Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 маусымдағы № 29/169-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 шілдеде № 2709 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түркiстан қалалық мәслихатының 2017 жылғы 27 қыркүйектегі № 19/113-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 27.09.2017 № 19/113-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Түркістан қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Түркістан қалалық мәслихатының 2013 жылғы 14 наурыздағы № 12/81-V "Түркістан қаласы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2255 нөмірімен тіркелген, 2013 жылғы 6 сәуірдегі "Түркістан" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Түркістан қаласында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

      7 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Б.Тұрды
      Қалалық мәслихат
      хатшысы Ғ.Рысбеков