О внесении изменений в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 9 июня 2011 года № 33/6 "О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)"

Решение Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 24 июля 2014 года N 30/5-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 13 августа 2014 года N 3450. Утратило силу -решением Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 17 мая 2018 года № 30/4-VI

      Сноска. Утратило силу - решением Усть-Каменогорского городского маслихата Восточно-Казахстанской области от 17.05.2018 № 30/4-VI (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 381, пунктом 3 статьи 386 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" Усть-Каменогорский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Усть-Каменогорского городского маслихата от 9 июня 2011 года № 33/6 " О ставках налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 5-1-167, опубликовано в газетах "Рудный Алтай" 13 июля 2011 года № 79 и "Дидар" 14 июля 2011 года № 80) следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "Об установлении категории автостоянок (паркингов) и увеличении размеров базовых ставок налога на земли, выделенные под автостоянки (паркинги)";

      пункт 1 на государственном языке изложен в новой редакции, на русском языке не изменяется.

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель сессии

М. Екибасова

Секретарь городского маслихата

А. Абакумов


Өскемен қалалық мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары туралы" 2011 жылғы 9 маусымдағы № 33/6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 шілдедегі N 30/5-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 тамызда № 3450 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2018 жылғы 17 мамырдағы № 30/4-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 17.05.2018 № 30/4-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3 тармағына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Өскемен қалалық мәслихатының "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын салық ставкалары туралы" 2011 жылғы 9 маусымдағы № 33/6 (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-1-167 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 13 шілдеде № 79 "Рудный Алтай" және 2011 жылғы 13 шілдеде № 80 "Дидар" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мына редакцияда жазылсын:

      "Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының мөлшерлерін ұлғайту туралы";

      мемлекеттік тілдегі 1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тілінде өзгертілмейді:

      "1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

М. Екібасова

Қалалық мәслихаттың хатшысы

А. Абакумов