Об объявлении чрезвычайной ситуации

Решение акима Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 25 августа 2014 года № 8. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 05 сентября 2014 года № 3475. Утратило силу - решением акима Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 24 декабря 2014 года № 13

      Cноска. Утратило силу - решением акима Курчумского района Восточно-Казахстанской области от 24.12.2014 № 13.
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", в связи с повышением объемов воды на озере Зайсан и водохранилище Бухтарма, что привело к обрушению береговой линии озера, и необходимостью отселения жителей близлежащих домов к берегу на безопасное место, аким Курчумского района РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера в селе Аксуат Балыкшинского сельского округа Курчумского района.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима Курчумского района К. Азимбаева и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на руководителя аппарата А. Абилмажинова.
      4. Решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого опубликования.

      Аким Курчумского района А. Сеитов

Төтенше жағдай жариялау туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің 2014 жылғы 25 тамыздағы N 8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 05 қыркүйекте N 3475 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы N 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімінің 24.12.2014 N 13 шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуіріндегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Зайсан көлі мен Бұқтырма су қоймасының су деңгейі көтеріліп, көл жағалауын су шаю салдарынан, жағалауға жақын үйлер тұрғындарын қауіпсіз орынға көшіру қажеттігі туындауына байланысты, Күршім ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Күршім ауданының Балықшы ауылдық округінің Ақсуат ауылында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою комиссиясының басшысы болып Күршім ауданы әкімінің орынбасары Қ. Әзімбаев тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау Күршім ауданы әкімі аппаратының басшысы А. Әбілмәжіновке жүктелсін.
      4. Шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім ауданының әкімі А. Сеитов