О внесении изменений и дополнения в некоторые нормативные правовые акты по вопросам регулирования банковской деятельности

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 ноября 2014 года № 222. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 декабря 2014 года № 10032. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 30 мая 2016 года № 147.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 30.05.2016 № 147 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 6 мая 2014 года № 79 "О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты по вопросам регулирования банковской деятельности" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9530, опубликованное 30 июня 2014 года в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет", 14 августа 2014 года в газете "Юридическая газета" № 120 (2688) следующие изменения и дополнение:

      в пункте 1:

      абзац восьмой изложить в следующей редакции:

      "1-1. Минимальный размер собственного капитала банка, имеющего лицензию на осуществление банковских операций, предусмотренных подпунктом 2) пункта 2 статьи 30 или подпунктами 1) и 2) пункта 1 статьи 52-5 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", устанавливается в следующем порядке:";

      абзац четырнадцатый изложить в следующей редакции:

      "фактический размер собственного капитала банка составляет:";

      дополнить абзацами пятнадцатым и шестнадцатым следующего содержания:

      "не менее 5 000 000 000 (пяти миллиардов) тенге для банков, размер собственного капитала которых на 1 января 2014 года составлял менее 5 000 000 000 (пяти миллиардов) тенге;

      не менее 10 000 000 000 (десяти миллиардов) тенге для других банков;";

      абзацы пятнадцатый и шестнадцатый изложить в следующей редакции:

      "размер обязательств, связанных с осуществлением банковских операций, предусмотренных подпунктом 2) пункта 2 статьи 30 или подпунктами 1) и 2) пункта 1 статьи 52-5 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", не превышает лимитов, установленных уполномоченным органом по регулированию, контролю и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - уполномоченный орган).

      1-2. С 1 января 2016 года минимальный размер собственного капитала банка, не имеющего лицензию на осуществление банковских операций, предусмотренных подпунктом 2) пункта 2 статьи 30 или подпунктами 1) и 2) пункта 1 статьи 52-5 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года "О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан", устанавливается в размере 10 000 000 000 (десяти миллиардов) тенге.";

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования, за исключением:

      абзацев с тридцать восьмого по пятьдесят третий пункта 1 настоящего постановления, абзацев с одиннадцатого по двадцать девятый пункта 2 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 июля 2014 года;

      абзацев с тридцать четвертого по тридцать седьмой, абзацев с пятьдесят четвертого по шестьдесят пятый пункта 1 настоящего постановления, абзацев с сорок первого по пятьдесят третий пункта 2 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 октября 2014 года;

      абзацев с третьего по девятнадцатый, абзацев с шестьдесят шестого по семьдесят первый пункта 1 настоящего постановления, абзацев с пятьдесят четвертого по пятьдесят девятый пункта 2 настоящего постановления, которые вводятся в действие с 1 января 2016 года.

      Действие абзацев тридцать второго и тридцать третьего пункта 1 настоящего постановления распространяется на отношения, возникшие с 28 августа 2013 года по 30 сентября 2014 года.".

      2. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 222 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов


Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 21 қарашадағы № 222 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 желтоқсанда № 10032 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 147 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы
6 мамырдағы № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9530 тіркелген, 2014 жылғы 30 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2014 жылғы 14 тамызда «Заң газеті» газетінде № 120 (2514) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1-тармақта:
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-1. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының
30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының
1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері мынадай тәртіппен белгіленеді:»;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «банктің меншікті капиталының нақты мөлшері:»;
      мынадай мазмұндағы он бесінші және он алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
      «2014 жылғы 1 қаңтарда меншікті капиталының мөлшері 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден кем болған банктер үшін 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеден аз емес;
      басқа банктер үшін 10 000 000 000 (он миллиард) теңгеден аз емес болғанда;»;
      он бесінші және он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызмет туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы
2-тармағының 2) тармақшасында немесе 52-5-бабы 1-тармағының 1) және
2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға байланысты міндеттемелердің мөлшері қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) белгілеген лимиттерден аспайды.
      1-2. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында немесе
52-5-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген банк операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы жоқ банктің меншікті капиталының ең аз мөлшері 10 000 000 000 (он миллиард) теңге мөлшерінде белгіленеді.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Осы қаулы мыналарды:
      осы қаулының 2014 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз сегізінші – елу үшінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының он бірінші – жиырма тоғызыншы абзацтарын;
      осы қаулының 2014 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының отыз төртінші – отыз жетінші абзацтарын, елу төртінші – алпыс бесінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының қырық бірінші – елу үшінші абзацтарын;
      осы қаулының 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармағының үшінші – он тоғызыншы абзацтарын, алпыс алтыншы – жетпіс бірінші абзацтарын, осы қаулының 2-тармағының елу төртінші – елу тоғызыншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы қаулының 1-тармағының отыз екінші және отыз үшінші абзацтары 2013 жылғы 28 тамыз - 2014 жылғы 30 қыркүйек аралығында туындаған қатынастарға қолданылады.».
      2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 222 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов