Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам по Каратобинскому району

Постановление акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 16 января 2014 года № 26. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 6 февраля 2014 года № 3420. Утратило силу постановлением акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 15 января 2015 года № 8

      Утратило силу постановлением акимата Каратобинского района Западно-Казахстанской области от 15.01.2015 № 8 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и от 23 января 2001 года "О занятости населения", исходя из ситуации на рынке труда и бюджетных средств акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить дополнительный перечень лиц, относящихся к целевым группам по Каратобинскому району согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Государственному учреждению "Каратобинский районный отдел занятости и социальных программ" принять необходимые меры вытекающие из настоящего постановления.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата Каратобинского района от 9 апреля 2013 года № 80 "Об установлении дополнительного перечня лиц, относящихся к целевым группам по Каратобинскому району" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3290, опубликовано 24 мая 2013 года в газете "Қаратөбе өңірі").
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района С. Умурзакова.
      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района                      А. Шахаров

Приложение
к постановлению акимата района
от 16 января 2014 года № 26

Дополнительный перечень лиц,
относящихся к целевым группам
по Каратобинскому району

      1. Лица, не работавшие более одного года;
      2. Лица, старше 50 (пятидесяти) лет;
      3. Выпускники учебных заведений начального, среднего и высшего профессионального образования;
      4. Молодежь не имеющая опыт и стаж работы по полученной специальности;
      5. Лица, окончившие обучение по направлению уполномоченного органа по вопросам занятости.

Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 16 қаңтардағы № 26 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 ақпанда № 3420 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 15 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 15.01.2015 № 8 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 80 "Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3290, 2013 жылғы 24 мамырда "Қаратөбе өңірі" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С. Өмірзақовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      А. Шахаров

2014 жылғы 16 қаңтардағы № 26
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша нысаналы
топтарға жататын адамдардың қосымша
тізбесі

      1. Бір жылдан астам жұмыс істемеген адамдар;
      2. 50 (елу) жастан асқан адамдар;
      3. Бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беретін оқу орындарының түлектері;
      4. Алған мамандық бойынша еңбек өтілі және тәжірибесі жоқ жастар;
      5. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша оқуды бітірген тұлғалар.