Об определении черты бедности на 2 квартал 2015 года

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 131. Зарегистрирован в Министерстве юстиции 20 марта 2015 года № 10517. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 22 июня 2015 года № 499

      Сноска. Утратил силу приказом Министра здравоохранения и социального развития РК от 22.06.2015 № 499 (вводится в действие с 01.07.2015).

      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 1 апреля 2015 года.

      В целях установления критерия оказания социальной помощи малообеспеченным гражданам Республики Казахстан для определения размера адресной социальной помощи в соответствии с пунктом 4 Правил определения черты бедности, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 8 апреля 2000 года № 537, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Определить черту бедности на 2 квартал 2015 года по Республике Казахстан в размере 40 процентов от прожиточного минимума, рассчитанного за истекший квартал Министерством национальной экономики Республики Казахстан.
      2. Признать утратившим силу приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 15 декабря 2014 года № 326 «Об определении черты бедности на 1 квартал 2015 года» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10016 и опубликованный 30 декабря 2014 года № 254 (27875) в газете «Казахстанская правда»; 30 декабря 2014 года № 254 (28477) в газете «Егемен Қазақстан»).
      3. Департаменту социальной помощи Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в средствах массовой информации и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) доведение настоящего приказа до областных, городов Астана и Алматы управлений координации занятости и социальных программ.
      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Жакупову С.К.
      5. Настоящий приказ вводится в действие с 1 апреля 2015 года.

      Министр здравоохранения                    Т. Дуйсенова
      и социального развития 
      Республики Казахстан

2015 жылғы 2 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 наурыздағы № 131 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 наурызда № 10517 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 маусымдағы № 499 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 22.06.2015 № 499 (2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау тәртібінің 4-тармағына сәйкес атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін анықтау және Қазақстан Республикасының күнкөрісі төмен азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету критерийін белгілеу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2015 жылғы 2 тоқсанға кедейлік шегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «2015 жылғы 1 тоқсанға арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2014 жылғы 15 желтоқсандағы № 326 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10016 болып тіркелген және 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (27875) «Казахстанская правда» газетінде, 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 254 (28477) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі                 Т. Дүйсенова