О внесении изменений и дополнений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 сентября 2011 года № 354 «Об утверждении Методики определения объемов предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения»

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 28 февраля 2015 года № 159. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 апреля 2015 года № 10609

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 37-1 Водного Кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 сентября 2011 года № 354 «Об утверждении Методики определения объемов предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 7257, опубликованный в газете «Казахстанская правда» от 16 ноября 2011 года № 365 (26756), следующие изменения:
      заголовок указанного приказа изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Методики расчета объемов предоставленных услуг по водоснабжению и водоотведению»;
      пункт 1 указанного приказа изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемую Методику расчета объемов предоставленных услуг по водоснабжению и водоотведению.»;
      в Методике расчета объемов предоставленных услуг по водоснабжению и водоотведению, утвержденной приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства от 26 сентября 2011 года № 354 «Об утверждении Методики определения объемов предоставленных услуг водоснабжения и водоотведения»:
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Объем предоставленных услуг водоснабжения определяется по показаниям приборов учета, установленных на границе раздела эксплуатационной ответственности и принятых на коммерческий учет услугодателем.»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Объем предоставленных услуг водоотведения для потребителей, присоединенных к системам водоотведения населенного пункта (услугодателя), а также имеющих различные источники водоснабжения, принимается равным объему предоставленных услуг водоснабжения (питьевого, технического, горячего).
      Объем предоставленных услуг водоотведения потребителей, использующих воду для бытового потребления, непосредственно не присоединенных к системе водоотведения населенного пункта, пользующихся услугами специального автотранспорта для вывоза жидких бытовых отходов и слива их в систему водоотведения населенного пункта, принимается равным фактическому объему сточных вод принятых в систему водоотведения населенного пункта на сливном пункте (станции).
      Объем сточных вод принятых в систему водоотведения населенного пункта (услугодателя) на сливном пункте определяется по объему емкости транспортного средства.»;
      подпункт 7) пункта 16 исключить;
      дополнить пунктом 20-1 в следующей редакции:
      «20-1. Объем сточных вод потребителей, стоки которых отводятся в выгреб (септик) или на локальные очистные сооружения, и в дальнейшем вывозятся и сливаются в систему водоотведения населенного пункта, рассчитывается с учетом количества потребленной воды (питьевой, технической, горячей) независимо от принадлежности источника водоснабжения, и определяется договором на предоставление услуги по отведению сточных вод.».
      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан обеспечить в установленном законодательством Республики Казахстан порядке:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечению десяти календарных дней со дня его первого официального публикования.

      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан                       Е. Досаев

"Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 159 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 1 сәуірде № 10609 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-1-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7257 тіркелген, 2011 жылғы 16 қарашадағы № 543-547 (26939) «Егеменді Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы»;
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса берілген Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесі бекітілсін»;
      «Сумен жабдықтау және су бұру қызметінің көрсетілген көлемін анықтау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 қыркүйектегі № 354 бұйрығымен бекітілген Сумен жабдықтау және су бұру жөнінде көрсетілген қызметтің көлемін есептеу әдістемесінде:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сумен жабдықтау жөнінде көрсетілген қызметтің көлемі қызмет көрсетуші пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасында орнатылған және коммерциялық есепке алуға қабылданған есептеу құралының көрсеткіштері бойынша анықталады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Елді мекеннің су бұру жүйесіне (қызмет көрсетуші) қосылған, сондай-ақ, әртүрлі сумен жабдықтау көздері бар тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі көрсетілген сумен жабдықтау (ауыз су, ыстық, техникалық) қызметінің көлеміне тең қабылданады.
      Елді мекеннің су бұру жүйесіне тікелей қосылмаған, суды тұрмыстық тұтыну үшін қолданатын, сұйық тұрмыстық қалдықтарды шығару және оларды елді мекеннің су бұру жүйесіне төгу үшін арнайы автокөлігінің қызметін пайдаланатын тұтынушыларға көрсетілген су бұру қызметінің көлемі елді мекеннің ағызу пунктінде (станциясында) су бұру жүйесіне қабылданған сарқынды сулардың нақты көлеміне тең қабылданады.
      Елді мекеннің (қызмет көрсетушінің) су бұру жүйесінің ағызу пунктінде қабылданған сарқынды сулардың көлемі көлік құралының сыйымдылық көлемі бойынша анықталады.»;
      16-тармақтың 7) тармақшасы алынып тасталсын;
      мынадай редакциядағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
      «20-1. Ағындысы шұңқырға (септикке) немесе оқшау тазарту құрылыстарына бұрылған және кейін ол тасылып шығарылып, елді мекеннің су бұру жүйесіне ағызылатын тұтынушылардың сарқынды су көлемі, сумен жабдықтау көзінің кімге тиесілі екеніне қарамастан, тұтынылған су (ыстық, техникалық, ауыз су) көлемімен есептеледі және сарқынды суды бұру қызметін көрсетуге арналған шартпен анықталады.».
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті Қазақстан Республикасның заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев