Об утверждении Правил отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения

Приказ и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 17 апреля 2015 года № 461. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 мая 2015 года № 11126. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 6 января 2016 года № 3

      Сноска. Утратил силу приказом и.о. Министра по инвестициям и развитию РК от 06.01.2016 № 3 (порядок введения в действие см. п. 5).

      В соответствии с подпунктом 3) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» ПРИКАЗЫВАЮ:
       1. Утвердить прилагаемые Правила отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения.
       2. Комитету связи, информатизации и информации Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Сарсенов С.С.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан, направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
       3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
       4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности
      Министра по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       Ж. Касымбек
 
 

      "СОГЛАСОВАН"
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ____________ Е. Досаев
      18 апреля 2015 года
 

Утверждены         
приказом исполняющего    
обязанности Министра     
по инвестициям и развитию  
Республики Казахстан    
от 17 апреля 2015 года № 461 
 

Правила
      отбора государственных услуг, подлежащих оказанию
через центры обслуживания населения

1. Общие положения

       1. Настоящие Правила отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 3) статьи 9 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года «О государственных услугах» и определяют порядок отбора государственных услуг для оказания через центры обслуживания населения (далее – ЦОН).
       2. Увеличение количества государственных услуг, оказываемых через ЦОН, осуществляется в целях повышения качества и доступности государственных услуг.
       3. В настоящих Правилах применяются следующие термины и определения:
       1) уполномоченный орган в сфере информатизации – центральный государственный орган, осуществляющий руководство в сфере информатизации и «электронного правительства»;
       2) межведомственная комиссия – межведомственная комиссия при уполномоченном органе в сфере информатизации по отбору государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН;
       3) реестр государственных услуг – классифицированный перечень государственных услуг;
       4) уполномоченный орган в сфере оказания государственных услуг – центральный государственный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере оказания государственных услуг.

2. Порядок отбора государственных услуг, подлежащих оказанию через центры обслуживания населения

       4. Отбор государственных услуг, подлежащих оказанию через ЦОН, осуществляется по наиболее востребованным государственным услугам (не менее 1000 оказанных за год) на основании одного и (или) нескольких следующих критериев:
      1) услуги, носящие информационный характер (выдача справок и иных информационных документов);
      2) услуги, связанные с выдачей дубликата документа;
      3) услуги, связанные с выдачей лицензии и иных разрешительных документов.
       5. Центральные государственные органы и местные исполнительные органы ежегодно не позднее 20 февраля, представляют в уполномоченный орган в сфере информатизации предложения по увеличению количества государственных услуг, оказываемых через ЦОН по критериям, указанным в пункте 4 настоящих Правил, по форме согласно приложению к настоящим Правилам.
       6. Уполномоченный орган в сфере информатизации не позднее 20 марта на основе предложении центральных государственных органов и местных исполнительных органов, с учетом результатов общественного мониторинга качества оказания государственных услуг, осуществляемого физическими лицами и некоммерческими организациями, непосредственно оценки качества оказания государственных услуг, а также самостоятельного анализа формирует перечень государственных услуг (далее - перечень), подлежащих оказанию через ЦОН, для рассмотрения на межведомственной комиссии.
       7. Уполномоченный орган в сфере информатизации ежегодно не позднее 20 апреля вносит перечень на рассмотрение межведомственной комиссии.
      В случае необходимости проводится заочное заседание межведомственной комиссии не более чем два раза в год.
       8. Межведомственная комиссия по итогам рассмотрения перечня выносит положительное или отрицательное заключение о целесообразности оказания государственной услуги через ЦОН.
      Отрицательное заключение о целесообразности оказания государственной услуги через ЦОН действует в течение года, со дня заседания.
       9. Уполномоченный орган в сфере информатизации после вынесения заключения межведомственной комиссии не позднее 10 мая и 10 октября направляет Протокол в заинтересованные государственные органы.
       10. Уполномоченный орган в сфере оказания государственных услуг ежегодно не позднее 1 июля и 1 декабря, на основе Протокола, представленного уполномоченным органом в сфере информатизации, разрабатывает и вносит в установленном законодательством порядке в Правительство Республики Казахстан проект постановления Правительства Республики Казахстан, предусматривающий внесение соответствующих изменений и (или) дополнений в реестр государственных услуг.
       11. Уполномоченный орган в сфере информатизации и заинтересованные государственные органы в трехмесячный срок после внесения изменений и дополнений в реестр государственных услуг принимают меры по организации оказания государственных услуг в ЦОН с внесением изменений в стандарты государственных услуг и иные нормативные правовые акты.

Приложение              
      к Правилам отбора           
государственных услуг,          
подлежащих оказанию            
через центры обслуживания населения   

Форма

Предложения по увеличению количества государственных услуг,
оказываемых через ЦОН


п/п

Номер
в Реестре госу-
дарственных услуг

Наименование услуги

Организации, осуществляю-
щие прием заявлений и выдачу оформленных документов

Сроки оказания государ-
ственной услуги

Перечень необхо-
димых документов

Форма предоставления государственной услуги
(в электронном/бумажном виде), результат оказания государственной услуги
 
 

Количество оказанных государствен-
ных услуг за прошлый
год

1

2

3

4

5

6

7

8









Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 461 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 22 мамырда № 11126 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 6 қаңтардағы № 3 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 06.01.2016 № 3 (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-т. қараңыз) бұйрығымен.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу  қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті (С.С.Сарсенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы                     Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _____________ Е. Досаев
      2015 жылғы 18 сәуір

Қазақстан Республикасы      
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының       
2015 жылғы 17 сәуірдегі      
№ 461 бұйрығымен бекітілген   

Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын
мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – ХҚО) арқылы көрсету үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу тәртібін айқындайды.
      2. ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және оған қолжетімділікті арттыру мақсатында жүзеге асырылады.
      3. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган – ақпараттандыру және «электрондық үкімет» саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;
      2) ведомствоаралық комиссия – ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жанындағы ХҚО арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия;
      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімі – мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі;
      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган – мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.

2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу тәртібі

      4. ХҚО арқылы аса қажетті (жылына кемінде 1000 көрсетілген мемлекеттік қызметтер) көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу мынадай бір және (немесе) бірнеше критерийлердің негізінде жүзеге асырылады:
      1) ақпараттық сипаттағы көрсетілетін қызметтер (анықтамалар және өзге де ақпараттық құжаттар беру);
      2) құжаттың телнұсқасын берумен байланысты көрсетілетін қызметтер;
      3) лицензияларды және өзге де рұқсат ету құжаттарын берумен байланысты көрсетілетін қызметтер.
      5. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар жыл сайын 20 ақпаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген критерийлер бойынша ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту бойынша осы Қағидаларға ұсыныстарды қосымшаға сәйкес ұсынады.
      6. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 наурыздан кешіктірмей орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар ұсыныстарының негізінде жеке тұлғалар мен коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сапасын жалпы мониторингінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бағалау, сондай-ақ өз талдауының нәтижелер ескере отырып, ведомствоаралық комиссияның қарауы үшін ХҚО арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін (бұдан әрі – тізбе) қалыптастырады.
      7. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 20 сәуірден кешіктірмей тізбені ведомствоаралық комиссияның қарауына енгізеді.
      Қажет болған жағдайда, ведомствоаралық комиссияның сырттай отырысы жылына екі реттен жиі емес өткізіледі.
      8. Ведомствоаралық комиссия тізбені қарау қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы көрсетудің орындылығы туралы оң немесе теріс қорытынды шығарады.
      Мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы көрсетудің орындылығы туралы теріс қорытынды отырыс күнінен бір жыл ішінде қолданыста болады.
      9. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ведомствоаралық комиссия қорытындысын шығарғаннан кейін 10 мамырдан және 10 қазаннан кешіктірмей ведомствоаралық комиссия отырысының Хаттамасын мүдделі мемлекеттік органдарға жібереді.
      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 шілдеден және 1 желтоқсаннан кешіктірмей ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ұсынған Хаттама негізінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және (немесе) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
      11. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган және мүдделі мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін үш ай мерзімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізе отырып, ХҚО-да мемлекеттік қызметтерді көрсетуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдайды.

Халыққа қызмет көрсету    
орталықтары арқылы көрсетілуге
жататын мемлекеттік көрсетілетін
қызметтерді іріктеу қағидаларына
қосымша            

Нысаны

ХҚО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің санын ұлғайту жөнінде ұсыныстар

Р/с №

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізіліміндегі нөмірі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

Өтініштер қабылдауды және рәсімделген құжаттарды беруді жүзеге асыратын ұйымдар

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері

Қажетті құжаттар тізбесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны (электрондық/ қағаз түрінде), Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
 

Өткен жылы көрсетілген мемлекеттік қызмет саны

1

2

3

4

5

6

7

8