О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 272 "Об утверждении Правил автоматизации ведения бухгалтерского учета"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 18 июня 2015 года № 123. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 июня 2015 года № 11700. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 27 марта 2017 года № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.03.2017 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и в целях уточнения субъектов, на которых распространяется порядок автоматизации ведения бухгалтерского учета, Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 272 "Об утверждении Правил автоматизации ведения бухгалтерского учета" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7982, опубликованное 12 декабря 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 431-432 (27250-27251)) следующее изменение:

      в Правилах автоматизации ведения бухгалтерского учета, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила автоматизации ведения бухгалтерского учета (далее - Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и определяют порядок автоматизации ведения бухгалтерского учета финансовыми организациями, специальными финансовыми компаниями, исламскими специальными финансовыми компаниями, акционерным обществом "Банк Развития Казахстана", акционерными инвестиционными фондами и микрофинансовыми организациями (далее - организация).".

      2. Уполномоченным организациям в срок до 1 сентября 2015 года привести свою деятельность в соответствие с настоящим постановлением.

      3. Департаменту платежного баланса, валютного регулирования и статистики (Умбеталиев М.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О.А.

      6. Настоящее постановление вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

К. Келимбетов


"Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 18 маусымдағы № 123 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 шілдеде № 11700 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 27 наурыздағы № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру тәртібі қолданылатын субъектілерді нақтылау мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 272 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7982 тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 818-823 (27894) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының, акционерлік инвестициялық қорлардың және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі – ұйым) бухгалтерлік есепті жүргізуін автоматтандыру тәртібін айқындайды.".

      2. Уәкілетті ұйымдар 2015 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде өз қызметін осы қаулыға сәйкес келтірсін.

      3. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов