Об утверждении Правил организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 28 апреля 2015 года № 496. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 октября 2015 года № 12136. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 526

      Сноска. Утратил силу приказом Министра по инвестициям и развитию РК от 29.06.2016 № 526.

      В соответствии с подпунктом 21) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации.
      2. Аэрокосмическому комитету Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Мусабаев Т.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

            Министр
      по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ___________________ Е. Досаев
      27 августа 2015 год

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      _________________ К. Касымов
      13 июля 2015 год

Утверждены           
приказом Министра      
по инвестициям и развитию  
Республики Казахстан     
от 28 апреля 2015 года № 496 

Правила
организации и предоставления спутниковых
навигационных услуг национальным оператором
системы высокоточной спутниковой навигации

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 21) пункта 1 статьи 9 Закона Республики Казахстан от 6 января 2012 года «О космической деятельности» и устанавливают порядок организации и предоставления спутниковых навигационных услуг национальным оператором системы высокоточной спутниковой навигации.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) система высокоточной спутниковой навигации (далее – СВСН) – функциональные дополнения глобальной навигационной спутниковой системы, включающие технические средства наземного и (или) космического базирования;
      2) национальный оператор системы высокоточной спутниковой навигации (далее – оператор СВСН) – организация, осуществляющая управление и эксплуатацию системы высокоточной спутниковой навигации Республики Казахстан, реализующая единство технологического обеспечения в сфере спутниковой навигационной деятельности, а также оказывающая услуги на основе ее использования;
      3) глобальная навигационная спутниковая система (далее – ГНСС) – космическая система, предназначенная для определения координатно-временных параметров (географических координат и высот, скорости и направления движения, времени) наземных, водных и воздушных объектов;
      4) объекты навигационной деятельности – объекты, оснащенные средствами навигации и (или) использующие их в целях навигационной деятельности;
      5) спутниковая навигационная информация – совокупность сведений (сообщений, данных) о предметах, фактах и явлениях, использующихся для решения задач координатно-временного и навигационного обеспечения, независимо от формы их представления;
      6) потребитель спутниковых навигационных услуг (далее – потребитель) – физическое или юридическое лицо, использующее услуги оператора СВСН.
      3. Оператор СВСН, не реже одного раза в год, представляет в уполномоченный орган в области космической деятельности информацию по потребителям, которым были оказаны навигационные услуги, в части полученных услуг и типа используемой аппаратуры.

2. Порядок организации спутниковых навигационных услуг
оператором СВСН

      4. В целях внедрения спутниковых навигационных технологий, а также решения задач повышения точности, надежности и доступности координатно-временного и навигационного обеспечения потребителей на территории Республики Казахстан, в качестве функционального дополнения ГНСС создается СВСН.
      5. Задачи формирования и дальнейшей эксплуатации функциональных дополнений ГНСС возлагаются на оператора СВСН.
      6. При возникновении чрезвычайной ситуации природного и техногенного характера оператор СВСН при взаимодействии с уполномоченным органом в сфере гражданской защиты обеспечивает абсолютный приоритет использования спутниковых навигационных услуг для проведения мероприятий в области безопасности и информирования населения о чрезвычайных ситуациях в соответствии с Законом Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года «О гражданской защите».

3. Порядок предоставления спутниковых навигационных
услуг оператором СВСН

      7. Оператор СВСН осуществляет предоставление координатно-временных и навигационных услуг (далее – услуги) по заявкам потребителей.
      8. Оператор СВСН создает и развивает систему распространения услуг, подготовки, переподготовки и повышения квалификации специалистов в области оказания, использования спутниковых навигационных услуг.
      9. Оператор СВСН рассматривает заявку потребителя на предмет технической возможности оказания услуги в запрашиваемом районе в течение одного рабочего дня. По результатам рассмотрения, оператор СВСН направляет потребителю уведомление о согласии либо мотивированном отказе в предоставлении услуги в течение одного рабочего дня.
      10. В случае согласия в предоставлении услуги в течение трех рабочих дней после получения уведомления потребителем, между оператором СВСН и потребителем заключается договор на оказание услуг.
      Потребитель подключается к услуге в течение одного рабочего дня с момента подписания договора.

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 496 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 қазанда № 12136 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 526 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.06.2016 № 526 бұйрығымен.

      «Ғарыш қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті (Т.А. Мұсабаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімдік баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында тіркелуін;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күн жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрі                              Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      _______________ Е. Досаев
      2015 жылғы 27 тамыз

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ______________ Қ. Қасымов
      2015 жылғы 13 шілде

Қазақстан Республикасы   
Инвестиция және даму министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі   
№ 496 бұйрығымен бекітілген

Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының
спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру
және ұсыну қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 9-бабы 1-тармағының 21) тармақшасына сәйкес әзірленді және дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі ұлттық операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру және ұсыну тәртібін белгілейді.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесі (бұдан әрі – ДЖСНЖ) – жерүсті және (немесе) ғарышта орналасатын техникалық құралдарды қамтитын жаһандық навигациялық спутниктік жүйені функционалдық толықтырулар;
      2) дәлдігі жоғары спутниктік навигация жүйесінің ұлттық операторы (бұдан әрі – ДЖСНЖ операторы) – спутниктік навигациялық қызмет саласында технологиялық қамтамасыз етудің тұтастығын іске асыратын, сондай-ақ оны пайдалану негізінде қызметтер көрсететін Қазақстан Республикасының жоғары дәлдікті спутниктік навигация жүйесін басқаруды және пайдалануды жүзеге асыратын ұйым;
      3) жаһандық навигациялық спутниктік жүйе (бұдан әрі – ЖНСЖ) – жерүсті, су және әуе объектілерінің координаттық-уақыттық (географиялық координаттары мен биіктіктерінің, қозғалыс жылдамдығы мен бағытының, уақыттың) параметрлерін айқындауға арналған ғарыш жүйесі;
      4) навигациялық қызмет объектілері – навигация құралдарымен жабдықталған және (немесе) оларды навигациялық қызмет мақсатында пайдаланатын объектілер;
      5) спутниктік навигациялық ақпарат – ұсынылу нысанына қарамастан, координаталық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету міндеттерін шешу үшін пайдаланылатын заттар, фактілер және құбылыстар туралы мәліметтер (хабарламалар, деректер) жиынтығы;
      6) спутниктік навигациялық қызметтерді тұтынушы (бұдан әрі – тұтынушы) – ДЖСНЖ операторының қызметтерін пайдаланатын заңды немесе жеке тұлға.
      3. ДЖСНЖ операторы жылына бір реттен сиретпей ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті органға алынған қызметтер мен қолданылатын аппаратураның түрі бөлігінде навигациялық қызметтер көрсетілген тұтынушылар жөнінде ақпарат береді.

2. ДЖСНЖ операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұйымдастыру тәртібі

      4. Спутниктік навигациялық технологияларды енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұтынушыларды координаталық-уақыттық және навигациялық қамтамасыз ету дәлдігін, сенімділігі мен қол жетімділігін арттыру мәселелерін шешу мақсатында ЖНСЖ функционалдық толықтыру ретінде ДЖСНЖ құрады.
      5. ЖНСЖ-ның функционалдық толықтыруларын қалыптастыру және одан әрі пайдалану міндеттері ДЖСНЖ-ның операторына жүктеледі.
      6. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде ДЖСНЖ операторы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимылдар кезінде «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдайлар туралы халықты ақпараттандыру және қауіпсіздік саласындағы іс-шараларды жүргізу үшін спутниктік навигациялық қызметтерді пайдаланудың абсолютті басымдығын қамтамасыз етеді.

3. ДЖСНЖ операторының спутниктік навигациялық қызметтерді ұсыну тәртібі

      7. ДЖСНЖ операторы координаталық-уақыттық және навигациялық қызметтерді (бұдан әрі – қызметтер) тұтынушылардың өтінімі бойынша жүзеге асырады.
      8. ДЖСНЖ операторы қызметтерді тарату, спутниктік навигациялық қызметтерді көрсету, пайдалану саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін құрады және дамытады.
      9. ДЖСНЖ операторы пайдаланушының өтінімін сұратылған ауданда қызметтерді көрсетуге техникалық мүмкіндігі тұрғысында бір жұмыс күн ішінде қарайды. Қарау нәтижелері бойынша ДЖСНЖ операторы пайдаланушыға қызметтер көрсету жөнінде келісім немесе дәлелді бас тарту жөнінде хабарламаны бір жұмыс күн ішінде жібереді.
      10. Қызметті көрсету келісілген жағдайда тұтынушы хабарлама алғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде ДЖСНЖ операторы мен тұтынушының арасында қызмет көрсетуге шарт жасасады.
      Шартқа қол қойылған сәттен бастап бір жұмыс күн ішінде тұтынушы қызметке қосылады.