О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 февраля 2011 года № 52 "Об утверждении Правил составления схемы транспортного происшествия и их типовых форм"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 10 сентября 2015 года № 754. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 10 декабря 2015 года № 12382

      В соответствии со статьей 22-1 Закона Республики Казахстан от 1 июля 2003 года «Об обязательном страховании гражданско-правовой ответственности владельцев транспортных средств» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 9 февраля 2011 года № 52 «Об утверждении Правил составления схемы транспортного происшествия и их типовых форм» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 6778, опубликованный в газете «Егемен Қазақстан» от 13.04.2011 года № 145-146 (26548), в газете «Казахстанская правда» от 15.06.2011 г., № 188 (26609)) следующие изменения:
      Наименование приказа в русском тексте не изменяется.
      пункт 2 изложить в следующей редакции:
      «2. Начальникам Департаментов внутренних дел городов Астаны, Алматы, областей и Представительства Министерства внутренних дел Республики Казахстан в городе Байконыр организовать работу подразделений административной полиции органов внутренних дел в соответствии с требованиями настоящих Правил.»;
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Тургумбаева Е.З. и Комитет административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан.»;
      в Правилах составления схемы транспортного происшествия и их типовых форм, утвержденных указанным приказом:
      пункты 12 изложить в следующей редакции:
      «1. Настоящие Правила устанавливают порядок организации работы подразделений административной полиции органов внутренних дел Республики Казахстан и требования, касающиеся осуществления работы при транспортных происшествиях.
      2. При возникновении транспортных происшествий, повлекших повреждения транспортных средств, грузов, дорог, дорожных сооружений или иного имущества, в том числе не имеющих признаков уголовно наказуемого деяния, повлекшее причинение потерпевшему вреда здоровью, должностными лицами административной полиции составляются и приобщаются к протоколу схема транспортного происшествия. К нему прилагаются объяснения участников происшествия и свидетелей, справки о повреждении транспортных средств, выдаваемые водителям транспортных средств уполномоченным на то должностным лицом дежурной части органов внутренних дел после регистрации административного дела по факту транспортного происшествия.»;
      пункт 6 изложить в следующей редакции:
      «6. Отображения дорожных знаков и разметок проводятся по их цифровому обозначению согласно Правилам дорожного движения, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196.»;
      пункт 11 изложить в следующей редакции:
      «11. Уполномоченное должностное лицо органов внутренних дел:
      1) под роспись на бесплатной основе выдает участникам транспортных происшествий, либо их представителям, копии протокола о нарушении Правил дорожного движения и схемы транспортного происшествия;
      2) при обращении страховщика представляет на бесплатной основе за подписью руководителя подразделения органов внутренних дел информацию о транспортном происшествии с участием лица, заключившего договор с этим страховщиком, и последствиях транспортного происшествия (фабула транспортного происшествия, сведения о погибших, раненых людях, о полученных в результате транспортного происшествия повреждениях транспортного средства) и копии документов, касающихся транспортного происшествия.».
      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Лепеха И.В.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «База данных «Закон» для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Тургумбаева Е.З. и Комитет административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Лепеха И.В.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
      Республики Казахстан
      генерал-полковник                          К. Касымов

      "Согласовано"
      Председатель Национального банка
      Республики Казахстан
      _________________ К.Н. Келимбетов
      30 октября 2015 года

"Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесін және олардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 754 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 10 желтоқсанда № 12382 болып тіркелді

      «Көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 1 шілдедегі Заңының 22-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесін және олардың үлгілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 13 сәуірдегі № 145-146 (26548), «Казахстанская правда» газетінің 2011 жылғы 15 маусымдағы № 188 (26609) нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы».
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Астана, Алматы қалаларының, облыстардың ішкі істер департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары ішкі істер органдары әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын осы Ереженің талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне жүктелсін.»;
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік оқиғасының сызбасын жасау қағидаларында:
      12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Қағида Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын ұйымдастыру тәртібін және көлік оқиғалары кезінде жұмысты жүзеге асыруға қатысты талаптарды айқындайды;
      2. Көлік құралдарының, жүктердің, жолдардың, жол құрылыстарын немесе өзге де мүліктің зақымдануына әкеп соқтырған, оның ішінде жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіруге әкеп соқтырған қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ көлік оқиғалары туындаған кезде әкімшілік полицияның лауазымды адамдары көлік оқиғасының сызбасын жасайды және хаттамаға қоса тігеді. Оған оқиғаға қатысушылар мен куәлардың түсініктемелері, көлік оқиғасы фактісі бойынша әкімшілік іс тіркелгеннен кейін ішкі істер органдарының кезекші бөлімінің оған уәкілетті лауазымды адамы көлік құралдарын жүргізушілеріне беретін көлік құралдарының бүлінуі туралы анықтамалар қоса тігіледі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Жол белгілерін және таңбаларын бейнелеу олардың цифрлық белгілеулері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «11. Ішкі істер органдарының уәкілетті лауазымды адамы:
      1) көлік оқиғаларына қатысушыларға не болмаса олардың өкілдеріне қол қойғыза отырып, тегін негізде Жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтар туралы хаттаманың көшірмесін және көлік оқиғасының сызбасын береді;
      2) сақтандырушы жүгінген кезде тегін негізде ішкі істер органдары бөлінісі басшысының қолымен осы сақтандырушымен келісімшарт жасасқан адамның қатысуымен болған көлік оқиғасы туралы және көлік оқиғасы салдары туралы ақпаратты (көлік оқиғасының фабуласы, қайтыс болған, жарақаттанған адамдар туралы, көлік оқиғасы нәтижесінде көлік құралының бүлінулері туралы мәліметтер) және көлік оқиғасына қатысты құжаттардың көшірмелерін береді.».
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Заң» деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      "Келісілді"
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық банкінің төрағасы
      __________________ Қ.Н. Келімбетов
      2015 жылғы 30 қазан