О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 233 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации юридических лиц, филиалов и представительств"

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 597. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 декабря 2015 года № 12410. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 26 июня 2019 года № 349 (вводится в действие с 01.07.2019)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 26.06.2019 № 349 (вводится в действие с 01.07.2019).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 10 Закона Республики Казахстан от 15 апреля 2013 года "О государственных услугах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 апреля 2015 года № 233 "Об утверждении стандартов государственных услуг по вопросам регистрации юридических лиц, филиалов и представительств" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11384, опубликованный в информационно-правовой системе "Әділет" 09 июля 2015 года) следующее изменение:

      в Стандарте государственной услуги "Государственная регистрация прекращения деятельности юридического лица, снятие с учетной регистрации филиала и представительства", утвержденным указанным приказом:

      подпункт 5) пункта 9 изложить в следующей редакции:

      "5) свидетельство об аннулировании облигаций и (или) акций и (или) отчет об итогах погашения облигаций либо письмо уполномоченного органа, осуществляющего государственное регулирование рынка ценных бумаг, об отсутствии зарегистрированных в уполномоченном органе, осуществляющем государственное регулирование рынка ценных бумаг, выпусков акций и (или) облигаций;".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование в порядке, установленном законодательством.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра юстиции Республики Казахстан Әбдірайым Б.Ж.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Исполняющий обязанности


Министра юстиции


Республики Казахстан

З. Баймолдина


"Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12410 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 26 маусымдағы № 349 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 26.06.2019 № 349 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабын 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкілдіктерді тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 233 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11384 болып тіркелген, 2015 жылғы 09 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу, филиал мен өкілдікті есептік тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасы


Әділет Министрінің міндетін


атқарушы

З. Баймолдина