О внесении изменения в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 265 "О внесении изменений впостановление Правлении Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 78 "Об утверждении Правил установления пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты" н установлении пределов отклонения курса покупки от курса продажи долларов США и евро за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты"

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 257. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12637. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 21 июня 2021 года № 64.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 21.06.2021 № 64 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Вводится в действие с 01.02.2016.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 31 декабря 2014 года № 265 "О внесении изменений в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2009 года № 78 "Об утверждении Правил установления пределов отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты" и установлении пределов отклонения курса покупки от курса продажи долларов США и евро за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10146, опубликованное 29 января 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет" республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан") следующее изменение:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Установить пределы отклонения курса покупки от курса продажи иностранной валюты за тенге по операциям, проводимым через обменные пункты уполномоченных банков и уполномоченных организаций, для:

      1) доллара США - 6 тенге;

      2) евро - 7 тенге.".

      2. Департаменту платежного баланса, валютного регулирования и статистики (Умбеталиев М.Т.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Досмухамбетов Н.М.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан";

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      после прохождения государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодические печатные издания в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Смолякова О. А.

      5. Настоящее постановление подлежит официальному опубликованию и вводится в действие с 1 февраля 2016 года.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев


"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 257 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12637 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2021 жылғы 21 маусымдағы № 64 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 21.06.2021 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 01.02.2016 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 24 тамыздағы № 78 қаулысына өзгерістер енгізу және айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша АҚШ долларын және еуроны теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 31 желтоқсандағы № 265 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10146 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектері:

      1) АҚШ доллары үшін - 6 теңге;

      2) еуро үшін - 7 теңге болып белгіленсін.".

      2. Төлем балансы, валюталық реттеу және статистика департаменті (Үмбетәлиев М.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      оны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу рәсімінен өткеннен кейін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы ресми жариялануға жатады және 2016 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев