Об утверждении типового положения о службе управления персоналом (кадровой службе)

Приказ Министра по делам государственной службы Республики Казахстан от 29 декабря 2015 года № 14. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 30 декабря 2015 года № 12649. Утратил силу приказом Председателя Агентства Республики Казахстан по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21 октября 2016 года № 15

      Сноска. Утратил силу приказом Председателя Агентства РК по делам государственной службы и противодействию коррупции от 21.10.2016 № 15 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

       В соответствии с подпунктом 14) пункта 2 статьи 5 Закона Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года «О государственной службе Республики Казахстан», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Утвердить прилагаемое Типовое положение о службе управления персоналом (кадровой службе).
      2. Департаменту государственной службы Министерства по делам государственной службы Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) официальное опубликование в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан;
      3) в течении десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить
на заместителя Министра по делам государственной службы Республики Казахстан, курирующего вопросы государственной службы.
      4. Настоящий приказ вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2016 года.

      Министр                                          Т. Донаков

Утверждено      
приказом Министра по делам
государственной службы  
Республики Казахстан   
от 29 декабря 2015 года № 14

Типовое положение о службе управления персоналом
(кадровой службе)

1. Общие положения

      1. Служба управления персоналом (кадровая служба) в своей деятельности руководствуется Конституцией Республики Казахстан, Законом Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года «О государственной службе Республики Казахстан» (далее – Закон), актами Президента и Правительства Республики Казахстан в сфере государственной службы, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан, а также настоящим Типовым положением.
      2. Служба управления персоналом (кадровая служба) состоит из:
      1) ______________________________________;
      2) ______________________________________;
      3) ______________________________________.

2. Основные задачи, функции, права и обязанности
службы управления персоналом (кадровой службы)

      3. Задача службы управления персоналом (кадровой службы): формирование целостной системы управления персоналом государственного органа.
      Функции:
      1) разработка и реализация стратегии управления персоналом государственного органа;
      2) анализ и планирование потребности государственного органа в кадрах, в том числе по специальностям и квалификациям;
      3) формирование кадрового состава государственного органа и организация конкурсного отбора;
      4) мониторинг кадров государственного органа и ведение кадрового делопроизводства, в том числе посредством информационной системой управления персоналом «е-қызмет».
      4. Задача службы управления персоналом (кадровой службы) – обеспечение прохождения государственной службы в рамках целостной системы управления персоналом государственного органа.
      Функции:
      1) организация профессиональной адаптации и наставничества в государственном органе;
      2) обеспечение профессионального развития кадров государственного органа, в том числе путем организации стажировок, подготовки, переподготовки, повышения квалификации государственных служащих в соответствии с установленными сроками;
      3) организация и обеспечение деятельности конкурсной, дисциплинарной, аттестационной и иных комиссий по кадровым вопросам;
      4) обеспечение соблюдения процедур поступления на государственную службу, прохождения и прекращения государственной службы, проведения служебных расследований, оценки деятельности административных государственных служащих, аттестации и обучения, в том числе в единой автоматизированной базе данных (информационной системе) по персоналу государственной службы;
      5) организация отбора кадров, оформление документов, связанных с прохождением государственными служащими государственной службы, осуществление учета персональных данных государственных служащих, организация проведения оценки деятельности административных государственных служащих.
      5. Задача службы управления персоналом (кадровой службы) – формирование корпоративной культуры и развитие благоприятного социально-психологического трудового климата в государственном органе.
      Функции:
      1) обеспечение исполнения в государственном органе трудового законодательства и законодательства о государственной службе, обеспечение соблюдения режима и условий труда, а также ограничений, связанных с пребыванием на государственной службе;
      2) обеспечение социальной и правовой защищенности государственных служащих, разработка порядка применения поощрений государственных служащих, утверждаемого актом государственного органа.
      6. Служба управления персоналом (кадровая служба) реализует иные задачи и функции по управлению персоналом, определяемые законодательством Республики Казахстан в сфере государственной службы.
      На службу управления персоналом (кадровую службу) не возлагаются дополнительные задачи и функции, несвойственные ее деятельности.
      7. Служба управления персоналом (кадровая служба) обладает полномочиями, необходимыми для реализации ее задач и функций, в соответствии с Законом, актами Президента Республики Казахстан и Правительства Республики Казахстан в сфере государственной службы, иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      8. Служба управления персоналом (кадровая служба):
      1) запрашивает и получает от других структурных подразделений государственного органа документы и сведения, необходимые для выполнения задач и функций, возложенных на нее Законом и настоящим Типовым положением;
      2) взаимодействует с уполномоченным органом по делам государственной службы или его территориальным подразделением.

3. Организация деятельности службы
управления персоналом (кадровой службы)

      9. Служба управления персоналом (кадровая служба) организационно самостоятельна от других структурных подразделений государственного органа, непосредственно подчинена ответственному секретарю или руководителю аппарата, а в государственных органах, в которых не введены должности ответственного секретаря и руководителя аппарата, - руководителю государственного органа.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12649 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 15 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.10.2016 № 15 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 5-бабы 2-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Мемлекеттік қызмет департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
 

Министр
 

Т. Донақов
 



Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет
істері министрінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 14 бұйрығымен
бекітілген

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ереже
1. Жалпы ереже

      1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңын (бұдан әрі – Заң), мемлекеттік қызмет саласындағы Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Үлгілік ережені басшылыққа алады.
      2. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):
      1) _______________________________________________;
      2) _______________________________________________;
      3) ________________________________________ тұрады.
 

2. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті: мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесін қалыптастыру.
      Функциялары:
      1) мемлекеттік органның персоналды басқару стратегиясын әзірлеу және іске асыру;
      2) мемлекеттік органның кадрларға, оның ішінде мамандықтар және біліктіліктер бойынша қажеттілігін талдау және жоспарлау;
      3) мемлекеттік органның кадр құрамын қалыптастыру және конкурстық іріктеуді ұйымдастыру;
      4) мемлекеттік органның кадр мониторингі және кадрлық іс жүргізуді, оның ішінде "е-қызмет" персоналды басқарудың ақпараттық жүйесі арқылы жүргізу.
      4. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органның персоналды басқарудың тұтас жүйесі шеңберінде мемлекеттік қызметті өткеруді қамтамасыз ету.
      Функциялары:
      1) мемлекеттік органда кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті ұйымдастыру;
      2) мемлекеттік органның кадрлардың кәсіби дамыуын, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді белгіленген мерзімдерге сәйкес тағлымдамалардан, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру жолмен қамтамасыз ету;
      3) конкурстық, тәртіптік, аттестаттау және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметіне аттестаттау мен оқытуды, соның ішінде мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасында (ақпараттық жүйесінде), қызметін өткеру, қызметтік тексерулер мен тоқтату рәсімдерін сақтауына, бағалау жүргізуді қамтамасыз ету;
      5) кадрларды іріктеуді ұйымдастырады, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеруіне байланысты құжаттарды ресімдеу, мемлекеттік қызметшілердің дербес деректерін есепке алуды жүзеге асыру, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалауды жүргізуді ұйымдастыру.
      5. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеті – мемлекеттік органда ұжымдық мәдениетті қалыптастыру және қолайлы әлеуметтік-психологиялық еңбек климатын дамыту.
      Функциялары:
      1) мемлекеттік органда еңбек заңнамасы мен мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету, еңбек режимі мен жағдайларының сақталуын, сондай-ақ мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді қамтамасыз ету;
      2) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету, мемлекеттік органның актісімен бекітілетін мемлекеттік қызметшілерді көтермелеуді қолдану тәртібін әзірлеу.
      6. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамамен айқындалатын персоналды басқару бойынша өзге де міндеттер мен функцияларды іске асырады.
      Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) оның қызметіне тән емес қосымша міндеттер мен функциялар жүктелмейді.
      7. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) Заңға, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне өзге де Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
      8. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі):
      1) оған Заңмен және осы Үлгілік ережемен жүктелген міндеттері мен функцияларын орындау үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен сұратады және алады;
      2) мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен және оның аумақтық бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасайды.
 

3. Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметін ұйымдастыру

      9. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелерінен ұйымдастырушылық дербес, жауапты хатшыға немесе аппарат басшысына, ал жауапты хатшы және аппарат басшысы лауазымдары енгізілмеген мемлекеттік органдарда мемлекеттік органның басшысына тікелей бағынады.