Об утверждении Правил формирования перечня недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков) лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники

Приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 7 декабря 2015 года № 939. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 6 января 2016 года № 12817.

      В соответствии с пунктом 35 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила формирования перечня недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков) лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники.

      2. Комитету контроля медицинской и фармацевтической деятельности Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан;

      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства здравоохранения и социального развития Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан Цой А.В.

      4. Настоящий приказ вводится в действие после дня его первого официального опубликования.

Министр здравоохранения


и социального развития


Республики Казахстан

Т. Дуйсенова


  Утверждены приказом
Министра здравоохранения
и социального развития
Республики Казахстан
от 7 декабря 2015 года № 939

Правила
формирования перечня недобросовестных потенциальных поставщиков
(поставщиков) лекарственных средств, изделий медицинского
назначения и медицинской техники
1. Общие положения

      1. Настоящие Правила формирования перечня недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков) лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники разработаны в соответствии с пунктом 35 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729, и определяют порядок и сроки формирования перечня недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков) лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники (далее – Перечень).

2. Порядок формирования перечня
недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков)

      2. Перечень недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков) лекарственных средств, изделий медицинского назначения и медицинской техники формируется организатором закупа или единым дистрибьютором на государственном и русском языках в электронной форме согласно приложению к настоящим Правилам и содержит сведения о потенциальных поставщиках (поставщиках) (далее - поставщик):

      1) предоставивших недостоверную информацию по квалификационным требованиям согласно главы 3 Правил организации и проведения закупа лекарственных средств, профилактических (иммунобиологических, диагностических, дезинфицирующих) препаратов, изделий медицинского назначения и медицинской техники, фармацевтических услуг по оказанию гарантированного объема бесплатной медицинской помощи, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 30 октября 2009 года № 1729;

      2) уклонившихся от заключения договора в случае признания победителем закупок;

      3) не исполнивших или ненадлежащем образом исполнивших свои обязательства по заключенному с ними договору поставки или договору о закупе лекарственных средств и (или) изделий медицинского назначения.

      3. Перечень формируется на основании решений судов, вступивших в законную силу.

      4. Организатор закупа или единый дистрибьютор в течение трех рабочих дней со дня получения вступившего в силу решения суда о признании недобросовестным поставщиком, включает в Перечень и направляет в уполномоченный орган в области здравоохранения для размещения на интернет-ресурсе.

      5. Уполномоченный орган в области здравоохранения в течение одного рабочего дня со дня получения Перечня размещает на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

      6. Поставщик включается в Перечень на срок 24 (двадцать четыре) месяца со дня вступления в законную силу решения суда о признании его недобросовестным поставщиком.

      7. Поставщик исключается из Перечня организатором закупа или единым дистрибьютором по истечении срока, установленного пунктом 7 настоящих Правил.

      8. В случае наличия вступившего в законную силу судебного акта об отмене решения о признании недобросовестным поставщиком, запись в Перечне, содержащая сведения о недобросовестном поставщике исключается в течение одного рабочего дня со дня получения организатором закупа или единым дистрибьютором соответствующего судебного акта.

      9. При изменении Перечня организатор закупа или единый дистрибьютор в течении 3 рабочих дней предоставляет в уполномоченный орган в области здравоохранения обновленный Перечень.

      10. Уполномоченный орган в течении одного рабочего дня со дня получения обновленного Перечня размещает его на интернет-ресурсе уполномоченного органа.

  Приложение
к Правилам формирования перечня
недобросовестных потенциальных
поставщиков (поставщиков)

Перечень
недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков)
лекарственных средств, изделий медицинского назначения и
медицинской техники

Информация о недобросовестном потенциальном поставщике (поставщике)

Сведения о проведенных закупках

Основание включения потенциального поставщика (поставщика) в перечень недобросовестных потенциальных поставщиков (поставщиков), дата вступления в силу решения суда

наименование потенциального поставщика (поставщика)

место нахождение потенциального поставщика (поставщика)

БИН/ИИН

способ закупок

дата подведения итогов закупки

наименование медицинской техники, лекарственного средства и/или изделия медицинского назначения, закуп которой проводилась










Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 939 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 қаңтарда № 12817 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 35-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Денсаулық сақтау және


әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 939 бұйрығымен бекітілген

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру қағидалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 35-тармағына сәйкес әзірленген және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесін (бұдан әрі - Тізбе) қалыптастыру тәртібі мен мерзімін айқындайды.

2. Жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің
(өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру тәртібі

      2. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесін сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес электрондық нысанда мемлекеттік және орыс тілдерінде қалыптастырады және:

      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінің 3-тарауына сәйкес біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат берген;

      2) сатып алудың жеңімпаздары деп танылған жағдайда шарт жасасудан жалтарған;

      3) олармен жасалған жеткізу шарты немесе дәрілік заттарды және (немесе) медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу туралы шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған өнім берушілер туралы мәліметті қамтиды (өнім берушілер) (бұдан әрі – өнім беруші).

      3. Тізбе заңды күшіне енген сот шешімдері негізінде қалыптастырылады.

      4. Сатып алуды ұйымдастырушы немес бірыңғай дистрибьютор жосықсыз өнім беруші деп тану туралы күшіне енген сот шешімін алған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде оны Тізбеге қосады және интернет-ресурсқа орналастыру үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      5. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган Тізбені алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

      6. Өнім беруші, оны жосықсыз әлеуетті өнім беруші деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап 24 (жиырма төрт) ай мерзімге Тізбеге қосылады.

      7. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген мерзім өткеннен кейін өнім берушіні Тізбеден шығарады.

      8. Жосықсыз өнім беруші деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы күшіне енген сот актісі болған жағдайда, жосықсыз өнім беруші туралы мәліметтері бар Тізбедегі жазбаны сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор тиісті сот актісін алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде алып тастайды.

      9. Тізбе өзгерген кезде сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор 3 жұмыс күнінің ішінде жаңартылған Тізбені денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға жібереді.

      10. Уәкілетті орган жаңартылған Тізбені алған күннен бастап бір жұмыс күнінің ішінде оны уәкілетті органның интернет-ресурсына орналастырады.

  Жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің
(өнім берушілер) тізбесін қалыптастыру
қағидаларына қосымша

Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің (өнім берушілер) тізбесі

Жосықсыз әлеуетті өнім беруші (өнім беруші) туралы ақпарат

Өткізілген сатып алулар туралы мәліметтер

Әлеуетті өнім берушіні (өнім берушіні) жосықсыз әлеуетті өнім берушілер (өнім берушілер) тізбесіне қосу негіздемесі, сот шешімінің күшіне енген күні

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) атауы

Әлеуетті өнім берушінің (өнім берушінің) орналасқан жері

БСН/ЖСН

сатып алу тәсілі

сатып алу нәтижелерін шығару күні

сатып алу өткізілген медициналық техниканың, дәрілік заттың және /немесе медициналық мақсаттағы бұйымның атауы