О запрете всех видов рубок леса на участках государственного лесного фонда

Приказ и.о. Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 11 декабря 2015 года № 319. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 12 января 2016 года № 12858.

      В соответствии с подпунктом 376) пункта 17 постановления Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Ввести запрет на все виды рубок леса (кроме уборки ликвидной захламленности и разрубки просек на линии демаркации государственной границы с Российской Федерацией) в насаждениях на участках государственного лесного фонда республиканского государственного учреждения государственного лесного природного резервата "Ертіс орманы" со дня введения в действие настоящего Приказа до 1 января 2021 года.

      Сноска. Пункт 1 в редакции приказа Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства РК от 09.04.2019 № 17-5-6/97 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1-1. Павлодарской областной территориальной инспекции лесного хозяйства и животного мира обеспечить контроль за исполнением настоящего приказа.

      Сноска. Приказ дополнен пунктом 1-1 в соответствии с приказом и.о. Председателя Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства РК от 23.11.2017 № 17-1/300 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Первому руководителю республиканского государственного учреждения государственного лесного природного резервата "Ертіс орманы" в установленном законодательством порядке:

      1) принять необходимые меры по реализации пункта 1 настоящего приказа;

      2) представлять ежегодно к 10 июня и 10 января в Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан информацию о принятых мерах по охране лесов от незаконных порубок.

      3. Управлению леса и особо охраняемых природных территорий Комитета лесного хозяйства и животного мира Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном порядке:

      1) направить настоящий приказ на государственную регистрацию в Министерство юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа обеспечить его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) обеспечить размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарного дня после дня его первого официального опубликования.

Исполняющий обязанности


Председателя комитета


лесного хозяйства и


животного мира

К. Устемиров


Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесудің барлық түріне тыйым салу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының м.а. 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қаңтарда № 12858 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысының 17-тармағының 376) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтімді қоқырсуды жинаудан және Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекараны демаркациялау шебінде соқпақтарды шабудан басқа) осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2021 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының 09.04.2019 № 17-5-6/97 (ол алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1-1. Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасалуын қамтамасыз етсін.

      Ескерту. Бұйрық 1-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Төрағасының м.а. 23.11.2017 № 17-1/300 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы заңнамада белгiленген тәртiппен:

      1) осы бұйрықтың 1-тармағын iске асыру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын;

      2) жыл сайын 10 маусымға және 10 қаңтарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетiне ормандарды ағаштың заңсыз кесілуінен қорғау жөнiнде қабылданған шаралары туралы ақпарат беріп тұрсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасы белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуге Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жіберсін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Орман шаруашылығы және


жануарлар дүниесі комитеті


төрағасының міндетін атқарушы

Қ. Үстеміров