О предоставлении мер социальной поддержки на 2016 год специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Ерейментауского района

Решение Ерейментауского районного маслихата Акмолинской области от 28 декабря 2015 года № 5С-44/3-15. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 26 января 2016 года № 5231

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», подпунктом 4) пункта 3 статьи 7, пунктами 89 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года «О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий», пунктом 4 Приказа Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 ноября 2014 года № 72 «Об утверждении Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты», Ерейментауский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить на 2016 год специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Ерейментауского района следующие меры социальной поддержки:
      1) подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю;
      2) социальная поддержка для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      2. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель сессии
      Ерейментауского районного
      маслихата                                  Т.Уразаков

      СекретарьЕрейментауского
      районного маслихата                        Қ.Махметов

      «СОГЛАСОВАНО»

      Аким Ерейментауского
      района                                     Е.Нугманов
      28 декабря 2015 года

Ерейментау ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 5С-44/3-15 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 26 қаңтарда № 5231 болып тіркелді

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7 бабының 3 тармағының 4) тармақшасына, 18 бабының 89 тармақтарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 4 тармағына сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ерейментау ауданындағы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2016 жылға келесі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын:
      1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып айқындалсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      сессия төрағасы                            Т.Уразаков

      Ерейментау аудандық
      мәслихатының
      хатшысы                                    Қ.Махметов

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Ерейментау ауданының
      әкімі                                      Е.Нұғыманов
      28 желтоқсан 2015 жыл