Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций

Постановление акимата Алгинского района Актюбинской области от 10 августа 2015 года № 336. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 07 сентября 2015 года № 4503. Утратило силу постановлением акимата Алгинского района Актюбинской области от 18 мая 2016 года № 212

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Алгинского района Актюбинской области от 18.05.2016 № 212.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 148 "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 18 Уголовно-исполнительного кодекса Республики Казахстан от 5 июля 2014 года № 234 -V, подпунктами 5-5) и 5-6) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года № 149 "О занятости населения", акимат Алгинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, и несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в размере одного процента от общей численности рабочих мест.
      2. Государственному учреждению "Алгинский районный отдел занятости и социальных программ" принять необходимые меры вытекающие, из настоящего постановления, в соответствии с действующим законодательством.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района М. Джалгаспаева.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования
      Аким района А. Шериязданов

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының квотасын белгiлеу туралы

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 336 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 07 қыркүйекте № 4503 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 18 мамырдағы № 212 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 18.05.2016 № 212 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi № 234-V Қылмыстық-атқару кодексiнің 18-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына сәйкес, Алға ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1.Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М. Джалғаспаевқа жүктелсiн.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А. Шериязданов