Об организации и обеспечении проведения призыва граждан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года

Постановление акимата Каргалинского района Актюбинской области от 18 марта 2015 года № 72. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 06 апреля 2015 года № 4284. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлений и самоуправлении в Республики Казахстан", со статьей 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", Указом Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 1011 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы и очередном призыве граждан Республики Казахстан нa срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 марта 2015 года № 135 "О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 1011 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года", акимат Каргалинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Организовать и обеспечить проведение призыва на срочную воинскую службу в апреле-июне и октябре-декабре 2015 года граждан мужского пола в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, а также граждан, отчисленных из учебных заведений, не достигших двадцати семи лет и не выслуживших установленные сроки воинской службы по призыву.

      2. Расходы в связи с выполнением мероприятий по проведению призыва осуществляются за счет средств местного бюджета.

      3. Рекомендовать:

      1) государственному коммунальному казенному предприятию на праве хозяйственного ведения "Каргалинская центральная районная больница" (Б.Жаржанов - по согласованию) провести мероприятия по призыву;

      2) государственному учреждению "Отдел внутренних дел Каргалинского района" (А.Пірмағанбетов - по согласованию) осуществлять розыск и задержание лиц, уклоняющихся от выполнения воинской обязанности;

      3) государственному учреждению "Отдел по делам обороны Каргалинского района" (Д.Кенжебаев - по согласованию) совместно с государственными учреждениями обеспечить организацию и проведение мероприятий связанных с призывом в рамках компетенции предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

      4. Акимам сельских округов, руководителям предприятий, учреждений, организаций и учебных заведений обеспечить оповещение призывников о вызове их на призывной пункт и своевременное прибытие лиц по этому вызову.

      5. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Тынымгереева И. и начальника государственного учреждения "Отдел по делам обороны Каргалинского района" Кенжебаева Д.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения возникшие с 1 апреля 2015 года.


Аким района

Р.Сыдыков


2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 72 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 06 сәуірде № 4284 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27 бабына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 "Әскери қызметтің белгіленген мерзiмiн өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзiмдi әскери қызметке кезектi шақыру туралы" Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 13 наурыздағы № 135 "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзiмдi әскери қызметтегi әскери қызметшiлердi запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуiр-маусымында және қазан-желтоқсанында кезектi мерзiмдi әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 20 ақпандағы № 1011 Жарлығын iске асыру туралы" қаулысына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2015 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

      2. Шақыруды жүргізу жөніндегі іс-шараларды орындауға байланысты шығындар жергілікті бюджет қаржылары есебінен жүзеге асырылсын.

      3. Ұсынылсын:

      1) "Қарғалы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Б.Жаржанов - келісім бойынша) шақыру бойынша іс-шараларды жүргізсін;

      2) "Қарғалы ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне А.Пірмағанбетов - келісім бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асырсын;

      3) "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Д.Кенжебаев - келісім бойынша) мемлекеттік мекемелермен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген құзыреті шегінде шақыруға байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз етсін.

      4. Ауылдық округтер әкiмдерi, кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшылары шақырылушыларға оларды шақыру учаскесіне шақырылғаны туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша адамдардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары І.Тынымгереевке және "Қарғалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы Д.Кенжебаевқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2015 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.


Аудан әкімі

Р.Сыдықов