О внесении изменений в решение от 9 февраля 2009 года № 2 "Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы"

Решение акима Кудуксайского сельского округа Хромтауского района Актюбинской области от 14 июля 2015 года № 1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Актюбинской области 13 августа 2015 года № 4461

      В соответствии со статьей 35 Закона Республики Казахстан № 148 от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Конституционным Законом Республики Казахстан от 3 июля 2013 года "О внесении изменении и дополнении в Конституционный закон Республики Казахстан и в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по воросам исключения противоречий, пробелов, коллизий между нормами права различных законодательных актов и норм, способствующих совершению коррупционных правонарушении", аким Кудуксайского сельского округа РЕШИЛ:
      1. Внести в решение на государственном языке акима Кудуксайского сельского округа от 9 февраля 2009 года № 2 "Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3-12-81, опубликованное 12 февраля 2009 года в районной газете "Хромтау") следующие изменения:
      в реквизитах и по всему тексту указанного решения на государственном языке слова "селолық", "селосындағы" заменить соответственно словами "ауылдық", "ауылындағы";
      заголовок указанного решения на государственном языке изложить в следующей редакци:
      "Құдықсай ауылдық округінің елді мекендеріне көше атауын беру туралы";
      в преамбуле указанного решения на государственном языке слова "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 тармағына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының мекенжай тіркеліміне тіркеу тәртібі туралы және мекенжай құрылымы жөніндегі Ережені бекіту туралы" № 255 қаулысына," исключить.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким сельского округа

Н.Изтлеуов

   

"Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" 2009 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Құдықсай ауылдық округінің әкімінің 2015 жылғы 14 шілдедегі № 1 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 тамызда № 4461 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Конституциялық Заңына сәйкес, Құдықсай ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Құдықсай ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 09 ақпандағы № 2 "Құдықсай селолық округіне қарасты елді мекендерге көше атауын беру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-12-81 санымен тіркелген, 2009 жылдың 12 ақпандағы аудандық "Хромтау" газетіне жарияланған) мемлекеттік тіліндегі шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелері мен бүкіл мәтіні бойынша "селолық", "селосында" сөздері тиісінше "ауылдық", "ауылында" сөздерімен ауыстырылсын;
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің атауы келесідей жаңа редакцияда жазылсын:
      "Құдықсай ауылдық округінің елді мекендеріне көше атауын беру туралы";
      мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспе бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қантардағы № 45 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасының 3.2 тармағына және Ақтөбе облысы әкімдігінің 2007 жылғы 24 шілдедегі "Ақтөбе облысының мекенжай тіркеліміне тіркеу тәртібі туралы және мекенжай құрылымы жөніндегі Ережені бекіту туралы" № 255 қаулысына," сөздері алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Ауылдық округінің әкімі

Н.Изтлеуов