Об установлении охранной зоны и режима природопользования Иле-Алатауского государственного национального природного парка на территории Алматинской области

Постановление акимата Алматинской области от 15 июня 2015 года № 255. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 16 июля 2015 года № 3284.

      В соответствии со статьей 123 Земельного кодекса Республики Казахстан, подпунктом 1-13) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 11) пункта 2 статьи 10 и статьями 18, 48, 53 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях", акимат Алматинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула в редакции постановления акимата Алматинской области от 09.10.2024 № 312 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      1. Установить охранную зону шириной не менее двух километров без изъятия у землепользователей и собственников земельных участков, а также режим природопользования Иле-Алатауского государственного национального природного парка на территории Алматинской области, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Возложить на руководителя государственнного учреждения "Управление земельных отношений Алматинской области" (Умаров Ж. Ы.) опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и на интернет-ресурсе акимата области.
      3. Рекомендовать республиканскому государственному учреждению "Иле-Алатауский государственный национальный природный парк" Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан обозначить границы охранной зоны на местности специальными знаками.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Бескемпирова Серикжана Ислямовича.
      5. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Алматинской области А. Баталов

  Приложение к постановлению акимата Алматинской области "Об установлении охранной зоны и режима природопользования Иле-Алатауского государственного природного парка на территории Алматинской области" от "15" июня 2015 года № 255

      Сноска. Приложение в редакции постановления акимата Алматинской области от 09.10.2024 № 312 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).


Режим природопользования на территории охранной зоны Иле-Алатауского государственного национального природного парка

      1. В охранной зоне Иле-Алатауского государственного национального природного парка (далее – национальный парк) запрещается:

      1) размещение, проектирование, строительство и эксплуатация объектов, внедрение новых технологий, оказывающих вредное воздействие на экологические системы национального парка;

      2) выброс в атмосферу и сброс в открытые водные источники и на рельеф загрязняющих веществ и сточных вод;

      3) разведка и добыча полезных ископаемых, за исключением случаев, указанных в пункте 2 статьи 84-2 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях";

      4) охота;

      5) захоронение радиоактивных материалов и промышленных отходов;

      6) деятельность, способная изменить гидрологический режим экологических систем национального парка (строительство плотин, дамб, гидротехнических сооружений и других объектов, приводящих к прекращению или снижению естественного стока вод);

      7) интродукция чужеродных видов диких животных и дикорастущих растений;

      8) другая деятельность, способная оказать вредное воздействие на экологические системы национального парка.

      2. На территории национального парка могут осуществляться различные формы хозяйственной деятельности, не оказывающие негативного воздействия на состояние экологических систем национального парка:

      1) лесохозяйственная деятельность;

      2) традиционное землепользование, включая пастьбу скота и сенокошение, а также иная деятельность в рамках обеспечения долговременной сохранности и неуязвимости биологического разнообразия;

      3) туристская и рекреационная деятельность;

      4) использование минеральных вод, бальнеологических и климатических ресурсов;

      5) промысловое и любительское (спортивное) рыболовство;

      6) проведение наземных и авиационных работ по тушению лесных и степных пожаров;

      7) рекультивация нарушенных земель;

      8) восстановление лесных и иных растительных сообществ;

      9) восстановление среды обитания и численности диких животных;

      10) использование земельных участков для обустройства мест пребывания туристов, устройства питомников для искусственного размножения, выращивания, разведения эндемичных, редких и находящихся под угрозой исчезновения видов растений и животных, а также строительства служебных зданий (кордонов) для проживания работников национального парка, предоставления им служебных земельных наделов.

      3. В охранной зоне национального парка при осуществлении видов деятельности, указанных в пункте 2 настоящего приложения, должны предусматриваться и осуществляться мероприятия по сохранению среды обитания и условий размножения объектов растительного и животного мира, путей миграции и мест концентрации животных, обеспечиваться неприкосновенность участков, представляющих особую ценность в качестве среды обитания диких животных, а также иных объектов национального парка.

      4. Ограничения хозяйственной деятельности собственников земельных участков и землепользователей в охранной зоне национального парка устанавливаются решением местного исполнительного органа Алматинской области в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях".

Алматы облысының аумағындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы

Алматы облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № 255 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 16 шілдеде № 3284 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 123-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 1-13) тармақшасына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 18, 48, 53-баптарына сәйкес Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – Алматы облысы әкімдігінің 09.10.2024 № 312 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Алматы облысының аумағындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер пайдаланушылары мен меншік иелерінің жер учаскелерін алып қоймай, ені екі километрден кем емес күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. "Алматы облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысына (Ж.Ы. Умаров) осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және облыс әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің "Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесіне күзет аймағының шекарасын арнайы белгілермен белгілеу ұсынылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Серікжан Іслямұлы Бескемпіровке жүктелсін.
      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы облысының әкімі А. Баталов

  Алматы облысы әкімдігінің 2015жылғы "15" маусымдағы "Алматы облысының аумағындағы Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аймағы мен табиғатты пайдалану режимін белгілеу туралы" № 255 қаулысына қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Алматы облысы әкімдігінің 09.10.2024 № 312 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің күзет аумағында табиғатты пайдалану режимі

      1. Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің (бұдан әрі – ұлттық парк) күзет аумағында:

      1) ұлттық парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер ететін объектілер орналастыруға, жобалауға, салуға және пайдалануға, жаңа технологияларды енгізуге;

      2) ластаушы заттар мен сарқынды суларды атмосфераға шығару және ашық су көздері мен рельефке төгуге;

      3) "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 84-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге;

      4) аң аулауға;

      5) радиоактивті материалдар мен өнеркәсіптік қалдықтарды көмуге;

      6) ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің гидрологиялық режимін өзгертуі мүмкін қызметке (бөгеттер, дамбалар, гидротехникалық құрылыстар және табиғи су ағынын тоқтатуға немесе азайтуға душар ететін басқа да объектілер салуға);

      7) жабайы жануарлар мен жабайы өсетін өсімдіктердің бөтен түрлерін интродукциялауға;

      8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктің экологиялық жүйелеріне зиянды әсер етуі мүмкін басқа да қызметке тыйым салынады.

      2. Ұлттық парктің қорғау аймақтарының аумағында ұлттық парктің экологиялық жүйелерінің жай-күйіне теріс әсер етпейтін шаруашылық қызметтің мынадай әртүрлі нысандары жүзеге асырылуы мүмкін:

      1) орман шаруашылығы қызметі;

      2) мал жаю мен шөп шабуды қоса алғанда, дәстүрлі жер пайдалану, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті ұзақ мерзімді сақтау мен оның беріктігін қамтамасыз ету шеңберіндегі өзге де қызмет;

      3) туристік және рекреациялық қызмет;

      4) минералды суларды, бальнеологиялық және климаттық ресурстарды пайдалану;

      5) кәсіпшілік және әуесқойлық (спорттық) балық аулау;

      6) орман және дала өрттерін сөндіру бойынша жердегі және авиациялық жұмыстарды жүргізу;

      7) бүлінген жерді қалпына келтіру;

      8) орман және өзге де өсімдіктер қауымдастықтарын қалпына келтіру;

      9) жабайы жануарлардың мекендеу ортасы мен санын қалпына келтіру;

      10) жер учаскелерін туристер болатын жерлерді жайластыру, өсімдіктер мен жануарлардың эндемиялық, сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген түрлерін қолдан көбейтуге, өсіруге, өндіруге арналған питомниктер орналастыру, сондай-ақ ұлттық парк жұмыскерлерінің тұруына арналған қызметтік үй-жайлар (кордондар) салу, оларға қызметтік жер телімдерін беру үшін пайдалану.

      3. Ұлттық парктің күзет аймағында осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасын және көбею жағдайларын, жануарлардың өріс аудару жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар көзделуге және жүзеге асырылуға, жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып есептелетін учаскелердің, сондай-ақ ұлттық парктің өзге де объектілердің дербестігі қамтамасыз етілуге тиіс.

      4. Ұлттық парктің қорғау аймағында жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шаруашылық қызметін шектеулер "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Алматы облысының жергілікті атқарушы органының шешімімен белгіленеді.