О повышении ставок земельного налога и единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Кербулакскому району

Решение Кербулакского районного маслихата Алматинской области от 29 сентября 2015 года № 47-272. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 02 ноября 2015 года № 3514. Утратило силу решением Кербулакского районного маслихата Алматинской области от 21 января 2016 года № 52-296

      Сноска. Утратило силу решением Кербулакского районного маслихата Алматинской области от 21.01.2016 № 52-296.
      В соответствии с пунктом 1-1 статьи 387, пунктом 1 статьи 444 Кодекса Республики Казахстан от 10 декабря 2008 года "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Кербулакский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Повысить ставки земельного налога и единого земельного налога в десять раз на не используемые в соответствии с земельным законодательством Республики Казахстан земли сельскохозяйственного назначения по Кербулакскому району.
      2. Возложить на руководителя государственного учреждения "Отдел земельных отношений Кербулакского района" (по согласованию К. Кабылбеков) опубликование настоящего решения после государственной регистрации в органах юстиции в официальных и периодических печатных изданиях, а также на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан, и на интернет-ресурсе районного маслихата.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата "По вопросам экономики, бюджета, налога, по поддержке малого и среднего бизнеса, коммунального хозяйства, благоустройства и оказания услуги населению района".
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти
      календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии К. Бекиев
      Секретарь маслихата Е. Суранчинов

Кербұлақ ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 47-272 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2015 жылы 02 қазанда № 3514 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 52-296 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ аудандық мәслихатының 21.01.2016 № 52-296 шешімімен.
      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 387-бабының 1-1-тармағына, 444-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Кербұлақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кербұлақ ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
      2. "Кербұлақ аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Қ. Қабылбеков) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың "Аудан экономикасы мен бюджеті, салық, орта және кіші кәсіпкерлікті қолдау, коммуналдық шаруашылық, көгалдандыру және халыққа қызмет көрсету" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ. Бекиев
      Мәслихат хатшысы Е. Сұраншынов