Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима города Шахтинска Карагандинской области от 13 апреля 2015 года № 2. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 13 апреля 2015 года № 3130. Утратило силу решением акима города Шахтинска Карагандинской области от 27 апреля 2015 года № 3

      Сноска. Утратило силу решением акима города Шахтинска Карагандинской области от 27.04.2015 № 3.

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера", в связи с затоплением части территории поселка Шахан города Шахтинска, что привело к необходимости отселения жителей на безопасное место, аким города Шахтинска РЕШИЛ:
      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера в поселке Шахан города Шахтинска.
      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации назначить заместителя акима города Шахтинска Уахитова Е.Б. и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.
      4. Настоящее решение вводится в действие со дня первого официального опубликования.
 
 

      Аким города

А. Аглиулин

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі № 2 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3130 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімінің 27.04.2015 № 3 шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48-бабына және 50-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру қажеттігін туындатқан, Шахтинск қаласының Шахан кенті аумағының бөлігін су басуына байланысты, Шахтинск қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Шахтинск қаласының Шахан кентінде табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
      2. Төтенше жағдайларды жою басшысы болып Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Е.Б. Уахитов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қала әкімі

А. Аглиулин