Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно-исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы

Постановление акимата города Рудного Костанайской области от 7 декабря 2015 года № 1735. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 29 декабря 2015 года № 6091. Утратило силу постановлением акимата города Рудного Костанайской области от 21 апреля 2016 года № 431

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Рудного Костанайской области от 21.04.2016 № 431.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 5-5) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", акимат города Рудного ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Установить квоту рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно–исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы, в размере пяти процентов от общей численности рабочих мест на предприятиях, в организациях и учреждениях всех форм собственности города Рудного.
      2. Государственному учреждению "Рудненский городской отдел занятости и социальных программ" руководствоваться данным постановлением при направлении на работу обратившихся лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно–исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы.
      3. Признать утратившим силу постановление акимата города Рудного "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, состоящих на учете службы пробации уголовно–исполнительной инспекции, а также лиц, освобожденных из мест лишения свободы" от 11 мая 2012 года № 618 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9–2–214, опубликовано 8 июня 2012 года в газете "Рудненский рабочий").
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города Рудного по социальным вопросам.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким города Рудного Б. Гаязов

Қылмыстық-ақтару инспекция пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 1735 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 29 желтоқсанда № 6091 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 21 сәуірдегі № 431 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 21.04.2016 № 431 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 5-5) тармақшасына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота Рудный қаласының барлық меншік нысанындағы кәсіпорындарындағы, ұйымдары мен мекемелеріндегі жұмыс орындарының жалпы санынан бес проценті мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Рудный қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне өтініш жасаған қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа бағытталған кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
      3. Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 11 мамырдағы № 618 "Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай–ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9–2–214 болып тіркелген, 2012 жылғы 8 маусымда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Рудный қаласының әкімі

Б. Ғаязов