Об организации и обеспечении проведения призыва граждан Павлодарской области на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2015 года

Постановление акимата Павлодарской области от 27 февраля 2015 года № 59/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 20 марта 2015 года № 4385

      В соответствии с пунктом 3 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 16 февраля 2012 года "О воинской службе и статусе военнослужащих", пунктом 3 Указа Президента Республики Казахстан от 20 февраля 2015 года № 1011 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, и очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в апреле - июне и октябре - декабре 2015 года", постановлением Правительства Республики Казахстан от 15 мая 2012 года № 620 "Об утверждении Правил организации и проведения призыва граждан Республики Казахстан на воинскую службу", в целях организованного проведения в Павлодарской области призыва граждан на срочную воинскую службу акимат Павлодарской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
       Организовать и обеспечить проведение призыва граждан Павлодарской области на срочную воинскую службу в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва, в апреле - июне и октябре - декабре 2015 года.
       Управлению здравоохранения области:
      в срок до 1 апреля и до 1 октября текущего года предоставить в местные органы военного управления Павлодарской области сведения о призывниках, находящихся на стационарном лечении и диспансерном учете;
      на период призыва граждан на срочную воинскую службу выделить, согласно заявкам управлений и отделов по делам обороны, для работы в составе медицинских комиссий необходимое количество медицинских работников соответствующих категорий, имеющих опыт военно-врачебной экспертизы;
      в периоды с 1 апреля по 30 июня и с 1 октября по 31 декабря текущего года обеспечить областной сборный пункт передвижной флюорографической установкой, для рентгенологического исследования граждан, подлежащих призыву.
       Рекомендовать департаменту внутренних дел области (по согласованию):
      в периоды с 1 апреля по 30 июня и с 1 октября по 31 декабря текущего года еженедельно представлять в местные органы военного управления Павлодарской области сведения на призывников, в отношении которых ведется дознание, предварительное следствие, состоящих на учете в органах внутренних дел и осужденных к наказанию, не связанному с лишением свободы;
      обеспечить охрану общественного порядка на областном сборном пункте при отправке и убытии призывников в воинские части.
       Рекомендовать линейному отделу внутренних дел на станции Павлодар (по согласованию):
      принять необходимые меры по поддержанию общественного порядка в местах посадки на железнодорожной станции.
       Управлению культуры, архивов и документации области организовать мероприятия по проведению торжественных проводов призывников, призванных в ряды Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан.
       Управлению внутренней политики области:
      организовать информационное освещение в средствах массовой информации о начале призывной кампании и ходе ее проведения;
      подготовить и обеспечить совместно с акиматами городов и районов размещение наглядной агитации о призыве граждан на срочную воинскую службу на территории городов, районов, сельских округов области.
       Акимам городов и районов:
      предоставить начальникам управлений и отделов по делам обороны оборудованные помещения для медицинского освидетельствования призывников и работы призывных комиссий, обеспечить согласно заявкам, транспортом, а также необходимым количеством медицинских работников соответствующих категорий и технических работников;
      обеспечить членам призывных комиссий, медицинскому персоналу и техническим работникам, привлекаемым для работы в призывных пунктах на период призыва и отправки в войска призывников, сохранение мест работы, занимаемых должностей и средней заработной платы.
       Контроль за выполнением настоящего постановления возложить на первого заместителя акима области Турганова Д.Н.
       Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким области К. Бозумбаев
      "СОГЛАСОВАНО"
      Начальник департамента
      по делам обороны области А. Каленов
      "27" февраль 2015 года
      Начальник департамента
      внутренних дел области М. Кожаев
      "27" февраль 2015 года
      Начальник линейного отдела
      внутренних дел
      на станции Павлодар Г. Омарбеков
      "27" февраль 2015 года

2015 жылдың сәуір - маусым және қазан - желтоқсан айларында Павлодар облысының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Павлодар облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 59/3 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 наурызда № 4385 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 20 ақпандағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2015 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" № 1011 Жарлығының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы "Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы" № 620 қаулысына сәйкес, Павлодар облысында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       2015 жылдың сәуір - маусым мен қазан - желтоқсан айларында әскерге шақырудан кейінге қалдыру немесе босатылу құқығы берілмеген он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі Павлодар облысының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын және әскерге шақыруды өткізу қамтамасыз етілсін.
       Облыс денсаулық сақтау басқармасы:
      ағымдағы жылғы 1 сәуірге дейін және 1 қазанға дейін Павлодар облысының жергілікті әскери басқару органдарына стационарлық емделуде және диспансерлік есепте тұрған әскерге шақырушылар туралы мәліметтерді ұсынсын;
      азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдердің өтінімдеріне сәйкес медициналық комиссиялардың құрамында жұмыс істеу үшін әскери-дәрігерлік сараптамада тәжірибесі бар тиісті санаттағы медицина қызметкерлерінің қажетті санын бөлсін;
      ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығындағы және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде облыстық жиналу пунктін шақыруға жататын азаматтарды рентгенологиялық тексеруден өткізу үшін жылжымалы флюорографиялық қондырғымен қамтамасыз етсін.
       Облыс ішкі істер департаментіне (келісім бойынша):
      ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 30 маусым аралығындағы және 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде Павлодар облысының жергілікті әскери басқару органдарына тергеу, алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе ішкі істер органдарында есепте тұрған және бас бостандығынан айырмастан жазалауға сотталған әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді ұсыну;
      әскерге шақырылушыларды әскерге жіберу және әскери бөлімдерге жөнелту кезінде облыстық әскерге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
       Павлодар станциясының желілік ішкі істер бөліміне (келісім бойынша):
      теміржол станциясында отырғызу орындарында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қажетті шаралар қабылдау ұсынылсын.
       Облыс мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарына шақырылған әскерге шақырылушыларды салтанатты түрде шығарып салу іс-шараларын ұйымдастырсын.
       Облыс ішкі саясат басқармасы:
      шақыру науқанының басталуы және оның өткізілу барысы туралы бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық жариялауды ұйымдастырсын;
      облыс қалалары, аудандарының, ауылдық округтерінің аумағында қалалар мен аудандардың әкімдігімен бірлесіп, мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру туралы көрнекі түрде үгіттеулер орналастырcын.
       Қалалар мен аудандардың әкімдері:
      қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерінің бастықтарына әскерге шақырылғандарға медициналық тексеру жүргізу және шақыру комиссияларының жұмыс істеуі үшін жабдықталған үй-жайлар берсін, өтінімдерге сәйкес көлікпен, сондай-ақ тиісті санаттағы медициналық қызметкерлердің және техникалық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз етсін;
      әскерге шақырушыларды әскерге шақыру және бөлімдерге жөнелту кезеңінде әскерге шақыру пункттеріндегі жұмысқа тартылатын шақыру комиссияларының мүшелеріне, медициналық персонал мен техникалық қызметкерлерге жұмыс орындарының, атқаратын қызметтері мен орташа еңбекақыларының сақталуын қамтамасыз етсін.
       Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсін.
       Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Қ. Бозымбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Облыс қорғаныс істері жөніндегі
      департаментінің бастығы А. Қаленов
      2015 жылғы "27" ақпан
      Облыс ішкі істер
      департаментінің бастығы М. Кожаев
      2015 жылғы "27" ақпан
      Павлодар станциясындағы
      ішкі істер желілік
      бөлімінің бастығы Г. Омарбеков
      2015 жылғы "27" ақпан