О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Баянаульского района на 2015 год

Решение маслихата Баянаульского района Павлодарской области от 19 июня 2015 года № 275/46. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 13 июля 2015 года № 4592. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", Баянаульский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2015 году специалистам в области здравоохранения образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Баянаульского района, подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю.
      2. Предоставить в 2015 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Баянаульского района, бюджетный кредит для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянные комиссии Баянаульского районного маслихата.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Д. Шарапиев
      Секретарь районного маслихата Т. Қасен

2015 жылға Баянауыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Павлодар облысы Баянауыл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 275/46 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 шілдеде № 4592 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 8-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" № 183 қаулысына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Баянауыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы жетпіс айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. Баянауыл ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2015 жылы тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен жоғары емес сомада бюджеттік кредит берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Д. Шарапиев
      Аудандық мәслихатының хатшысы Т. Қасен