О предоставлении мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Щербактинского района в 2015 году

Решение маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 10 февраля 2015 года № 182/54. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 16 февраля 2015 года № 4308. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 29 января 2016 года N 1-35-13)

      Сноска. Утратило силу в связи с истечением срока действия (письмо маслихата Щербактинского района Павлодарской области от 29.01.2016 N 1-35-13).
      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) пункта 3 статьи 7, пунктом 8 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об утверждении размеров и Правил предоставления мер социальной поддержки специалистам здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" Щербактинский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2015 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Щербактинского района, подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю.
      2. Предоставить в 2015 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Щербактинского района, бюджетный кредит для приобретения или строительства жилья в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию Щербактинского районного маслихата по вопросам законности и социальной политики.
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии К. Ибрагимова
      Секретарь районного маслихата Т. Абдрахманов

2015 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері туралы

Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 ақпандағы № 182/54 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 ақпанда № 4308 болып тіркелді. Күші жойылды - қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 қаңтардағы N 1-35-13 хатымен)

      Ескерту. Күші жойылды - қолдану мерзімінің аяқталуына байланысты (Павлодар облысы Шарбақты аудандық мәслихатының 29.01.2016 N 1-35-13 хатымен).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы" Заңының 6–бабы 1–тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7–бабы 3–тармағы 4) тармақшасына, 18–бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" № 183 қаулысына сәйкес Шарбақты аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткіш сомасына тең көтерме жәрдемақы берілсін.
      2. 2015 жылы Шарбақты ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына тұрғын үй сатып алу немесе құрылысы үшін бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш сомасынан жоғары емес бюджеттік кредит берілсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Шарбақты аудандық мәслихатының заңнамалық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы К. Ибрагимова
      Аудандық мәслихат хатшысы Т. Абдрахманов