О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2015 года № 2/272 "Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса "Б"

Постановление акимата города Алматы от 20 октября 2015 года № 4/595. Зарегистрировано Департаментом юстиции города Алматы 16 ноября 2015 года № 1227. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 25 февраля 2016 года № 1/61

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата города Алматы от 25.02.2016 № 1/61 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Примечание РЦПИ. В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О государственном и местном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», акимат города Алматы ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата города Алматы от 28 апреля 2015 года № 2/272 «Об утверждении Методики ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б» (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 1164 от 18 мая 2015 года, опубликованное 23 мая 2015 года в газетах «Алматы ақшамы» и «Вечерний Алматы»), следующее изменение:
      в Методике ежегодной оценки деятельности административных государственных служащих корпуса «Б», утвержденной указанным постановлением:
      пункт 9 изложить в следующей редакции:
      «9. Результаты голосования определяются большинством голосов членов Комиссии. При равенстве голосов, голос председателя комиссии является решающим.
      Председателем Комиссии в аппарате акима города Алматы является руководитель аппарата.
      Председателем Комиссии в исполнительных органах, финансируемых из местного бюджета, является руководитель данного государственного органа либо лицо, его замещающее.
      Секретарем Комиссии является сотрудник службы управления персоналом (кадровой службы) аппарата акима города Алматы, сотрудник службы управления персоналом исполнительных органов, финансируемых из местного бюджета соответственно. Секретарь Комиссии не принимает участие в голосовании.
      В случае, если в состав Комиссии входит непосредственный руководитель служащего, в отношении которого проводится оценка, а также служащие, указанные в подпункте 2) пункта 3 настоящей Методики, они не принимают участия в голосовании и принятии решений по данному служащему».
      2. Аппарату акима города Алматы обеспечить размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима города Алматы М. Сембекова.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким города Алматы              Б. Байбек

Алматы қаласы әкімдігінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 2/272 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қазандағы № 4/595 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2015 жылғы 16 қарашада № 1227 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 25 акпандағы № 1/61 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 25.02.2016 № 1/61 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Алматы қаласы әкімдігінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін бекіту туралы» 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 2/272 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 18 мамырда № 1164 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 мамырда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесіндегі:
      9 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
      «9. Дауыс беру қорытындысы Комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      Алматы қаласы әкімінің аппаратында аппарат басшысы Комиссия төрағасы болып табылады.
      Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда сол мемлекеттік органның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға Комиссия төрағасы болып табылады.
      Алматы қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) қызметкері, сәйкесінше жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкері комиссия хатшысы болып табылады. Комиссия хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
      Егер Комиссия құрамына оған қатысты бағалау жүргізілетін қызметшінің тікелей басшысы, сондай-ақ осы Әдістеменің 3 тармағының 2) тармақшасында көрсетілген қызметшілер кіретін болса, олар осы қызметшіге қатысты дауыс беруге және шешім қабылдауға қатыспайды».
      2. Алматы қаласы әкімінің аппараты осы қаулыны интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы М. Сембековке жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі                Б. Байбек