О лишении статуса Памятника истории и культуры местного значения и исключении его из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области

Постановление акимата Северо-Казахстанской области от 8 декабря 2015 года № 475. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 8 января 2016 года № 3535. Утратило силу постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 12 мая 2020 года № 111

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Северо-Казахстанской области от 12.05.2020 № 111 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 18) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 2 июля 1992 года "Об охране и использовании объектов историко-культурного наследия", на основании заключения историко-культурной экспертизы на памятник истории и культуры местного значения – Кинотеатр "Казахстан" в г. Петропавловске от 04 сентября 2013 г. акимат Северо-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Лишить Кинотеатр "Казахстан", 1978 года постройки, расположенный по адресу: Северо-Казахстанская область, город Петропавловск, улица Интернациональная, 66, статуса памятника истории и культуры местного значения и исключить его из Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области.

      2. Внести в постановление акимата Северо-Казахстанской области от 20 декабря 2010 года № 358 "Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения Северо-Казахстанской области" (опубликовано 29 января 2011 года в газете "Северный Казахстан", зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1766) следующее изменение:

      строку 41 Государственного списка памятников истории и культуры местного значения, утвержденного указанным постановлением исключить.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима области.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким
Северо-Казахстанской области
Е.Султанов

Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру және оны Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарып тастау туралы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 475 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 8 қаңтарда N 3535 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы əкімдігінің 12.05.2020 № 111 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 18) тармақшасына сәйкес, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші – Петропавл қаласындағы "Қазақстан" кинотеатрына жасалған 2013 жылғы 04 қыркүйектегі тарихи-мәдени сараптама қорытындысы негізінде Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Интернационал көшесі, 66 мекенжайында орналасқан 1978 жылы салынған "Қазақстан" кинотеатры жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші мәртебесінен айырылсын және Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығарылып тасталсын.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 358 қаулысына (2011 жылғы 29 қаңтар "Северный Казахстан" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1766 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінің 41-жолы алып тасталсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан
облысының әкімі
Е.Сұлтанов