О внесении изменений в решение районного маслихата от 10 декабря 2013 года № 138 "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей"

Решение Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 27 марта 2015 года № 273. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 13 апреля 2015 года № 3164. Утратило силу решением Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 28 июня 2022 года № 149

      Сноска. Утратило силу решением Махамбетского районного маслихата Атырауской области от 28.06.2022 № 149 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьями 21 и 39 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" и рассмотрев постановление Махамбетского районного акимата от 18 марта 2015 года за №186, районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение районного маслихата от 10 декабря 2013 года № 138 "Об установлении перечня памятных дат и праздничных дней, кратности оказания социальной помощи и установление размера социальной помощи для отдельно взятой категории получателей" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2801, опубликованное в районной газете "Жайық шугыласы" 19 декабря 2013 года) следующие изменения:

      в приложении 2:

      в строке 1 цифры "100 000" заменить цифрами "200 000";

      в строке 5 цифры "5 000" заменить цифрами "25 000".

      2. Контроль за исполнением решения возложить на постоянную комиссию (Ш. Торбаева) районного маслихата по вопросам соблюдения законодательства, экономики и бюджета.
      3. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции, вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Настоящее решение сохраняет действие с 1 января 2015 года до 31 декабря 2015 года.

      Председатель внеочередной
31-сессии районного маслихата
А. Ерманов
      Секретарь районного маслихата А. Курманбаев

Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 138 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 273 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 13 сәуірде № 3164 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 маусымдағы № 149 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 28.06.2022 № 149 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 және 39 баптарына сәйкес және Махамбет аудандық әкімдігінің 2015 жылғы 18 наурыздағы № 186 қаулысын қарай келіп, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 138 "Алушылардың жекелеген санаттары үшін әлеуметтік көмек көрсету еселігін және әлеуметтік көмек мөлшерін, атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 2801 санымен тіркелген, "Жайық шұғыласы" газетінің 2013 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      2-қосымшасының:

      1-жолдағы "100 000" деген сандар "200 000" деген сандармен ауыстырылсын;

      5-жолдағы "5 000" деген сандар "25 000" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылықты сақтау, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ш. Торбаева) жүктелсін.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешім 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2015 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшін сақтайды.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
тыс 31-сессиясының төрағасы
А. Ерманов
      Аудандық мәслихат хатшысы А. Құрманбаев