О внесении изменения в постановление акимата Макатского района от 07 июля 2015 года № 140 "Об установлении квоты рабочих мест по Макатскому району"

Постановление акимата Макатского района Атырауской области от 30 декабря 2015 года № 287. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 12 января 2016 года № 3432. Утратило силу постановлением Макатского районного акимата Атырауской области от 15 апреля 2016 года № 62

      Сноска. Утратило силу постановлением Макатского районного акимата Атырауской области от 15.04.2016 № 62.
      В соответствии со статьей 31 Закона Республики Казакстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казакстан", подпунктам 5-2) статьи 7 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О занятости населения", статьей 21 Закона Республики Казакстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" районный акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление районного акимата от 07 июля 2015 года № 140 "Об установлении квоты рабочих мест по Макатскому району" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3273, опубликовано в газете "Макат тынысы" от 13 августа 2015 года) следующее изменение:
      подпункт 1) подпункт 1) пункта 1 указанного постановления изложить в новой редакции:
      "1) Для трудоустройства инвалидов установить квоту в размере трех процентов от численности рабочих мест без учета рабочих мест на тяжелых работах, работах с вредными, опасными условиями труда, в порядке определяемом центральным исполнительным органом;".
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Х. Тулеушова.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Аким района Б. Сарсенгалиев

Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 140 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 287 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 12 қаңтарда № 3432 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 62 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Мақат ауданы әкімдігінің 15.04.2016 № 62 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі № 140 "Мақат ауданы бойынша жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3273 санымен тіркелген, аудандық "Мақат тынысы" газетінің 2015 жылғы 13 тамызда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1 тармағының 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Орталық атқарушы орган айқындайтын тәртіппен ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін;".
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Х.Төлеуішовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Б. Сәрсенғалиев