О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 2 октября 2014 года № 314 "Об утверждении Регламента акимата Южно-Казахстанской области"

Постановление акимата Южно-Казахстанской области от 3 ноября 2015 года № 351. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 11 декабря 2015 года № 3457. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16 мая 2016 года № 136

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Южно-Казахстанской области от 16.05.2016 № 136.
       В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 964 "Об утверждении Правил проведения правового мониторинга нормативных правовых актов", акимат Южно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Южно-Казахстанской области от 2 октября 2014 года № 314 "Об утверждении Регламента акимата Южно-Казахстанской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2863, опубликовано 18 ноября 2014 года в газете "Южный Казахстан") следующие изменение и дополнения:
      в приложении "Регламент акимата Южно-Казахстанской области" к указанному постановлению:
      дополнить разделом 4-1 согласно приложению к настоящему постановлению;
      пункт 48 изложить в следующей редакции:
      "48. Руководитель аппарата ежемесячно на аппаратных совещаниях докладывает о состоянии исполнительской дисциплины в исполнительных органах, местных исполнительных органах районов (городов областного значения) по исполнению актов и поручений Президента Республики Казахстан, Правительства, Премьер-Министра, оперативных поручений Премьер-Министра, поручений акима области и его заместителей.".
      2. Государственному учреждению "Аппарат Акима Южно-Казахстанской области" в порядке, установленном законодательными актами Республики Казахстан, обеспечить:
      1) направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях, распространяемых на территории Южно-Казахстанской области и информационно-правовой системе "Әділет";
      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Южно-Казахстанской области.
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на руководителя аппарата акима области Жылкишиева Б.
      Аким области Б.Атамкулов
      Сатыбалды Д.
      Жилкишиев Б.
      Айтаханов Е.
      Каныбеков С.
      Садыр Е.
      Туякбаев С.
      Абдуллаев А.

  Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от "03" ноября 2015 года
№ 351
Приложение
к постановлению акимата
Южно-Казахстанской области
от "02" октября 2014 года
№ 314

4-1. Проведение правового мониторинга нормативных правовых актов

      38-1. Правовой мониторинг проводится аппаратом, исполнительными органами, местными исполнительными органами районов (городов областного значения) в отношении нормативных правовых актов, принятых ими и (или) разработчиками которых они являлись, а также актов, относящихся к их компетенции.
      38-2. Правовой мониторинг нормативных правовых актов проводится на постоянной основе, по сбору, оценке, анализу информации о состоянии законодательства Республики Казахстан, а также по прогнозу динамики его развития и практики применения в целях выявления противоречащих законодательству Республики Казахстан устаревших и коррупциогенных норм права, оценки эффективности их реализации.
      38-3. При выявлении исполнительным органом несоответствующих, противоречащих или устаревших норм в нормативных правовых актах, разработчиками которых он являлся, он направляет соответствующие предложения в аппарат.
      38-4. При принятии новых нормативных правовых актов вышестоящего уровня исполнительными органами совместно с соответствующими отделами аппарата в течение трех рабочих дней анализируются подзаконные акты, связанные с предметом регулирования новых нормативных правовых актов вышестоящего уровня.
      38-5. В случае выявления несоответствия подзаконных актов новым нормативным правовым актам вышестоящего уровня в месячный срок со дня вступления в силу новых нормативных правовых актов вышестоящего уровня исполнительными органами совместно с соответствующими отделами аппарата принимаются меры по внесению изменений и (или) дополнений, либо признанию их утратившими силу в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан.
      38-6. Информация о принятых мерах по принятию нормативных правовых актов, предусматривающих внесение изменений и (или) дополнений в подзаконные акты, нормы которых противоречат новым нормативным правовым актам вышестоящего уровня, или признание их утратившими силу, в недельный срок после принятия этих актов предоставляется в органы юстиции юридической службой аппарата.
      38-7. Приказом руководителя аппарата акима области не позднее 20 декабря текущего календарного года утверждается график проведения мониторинга нормативных правовых актов на предстоящий календарный год с ежемесячной разбивкой и указанием перечня нормативных правовых актов, в отношении которых будет проведен правовой мониторинг (без учета актов о внесении изменений и/или дополнений), включенных в Регистр нормативных правовых актов, соответствующими исполнительными органами совместно с соответствующими отделами аппарата.
      38-8. Исполнительные органы обеспечивают ведение Регистра нормативных правовых актов согласно приложению 2 к Правилам проведения правового мониторинга нормативных правовых актов, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 25 августа 2011 года № 964 (далее – Правила).
      38-9. До первого числа последнего месяца полугодия (до 1 июня и 1 декабря) исполнительные органы представляют в юридическую службу аппарата информацию о проводимом мониторинге и, в случае необходимости, вносят предложения по совершенствованию норм действующего законодательства.
      38-10. Юридическая служба аппарата анализирует полученную информацию и предложения и совместно с исполнительными органами принимает меры по внесению предложений в Правительство Республики Казахстан и уполномоченные органы в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в течение тридцати календарных дней с момента их поступления.
      38-11. Для обеспечения полноты проведения правового мониторинга нормативных правовых актов, юридическая служба аппарата ежеквартально представляет в органы юстиции перечни принятых постановлений акимата и решений акима за прошедший квартал.
      38-12. По итогам проведенной работы юридическая служба аппарата отдельно по формам нормативных правовых актов в соответствии с приложением 4 к Правилам два раза в год до 30 числа последнего месяца полугодия направляют в территориальные органы юстиции аналитические справки с приложением перечня нормативных правовых актов, в отношении которых проводится мониторинг, согласно регистру в хронологическом порядке их принятия, а также информацию об использовании материалов, предусмотренных пунктом 11 Правил, и копию графика для представления в органы юстиции Республики Казахстан.

"Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 314 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 351 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 11 желтоқсанда № 3457 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 136 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімдігінің 16.05.2016 № 136 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қазандағы № 314 "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің регламентін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2863-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің регламентi" деген қосымшада:
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 4-1-бөліммен толықтырылсын;
      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "48. Аппарат басшысы ай сайын аппараттық мәжілістерде Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң актілері мен тапсырмаларын, Премьер-Министрдiң жедел тапсырмаларын, облыс әкімі және оның орынбасарлырының тапсырмаларын орындау бойынша атқарушы органдардағы, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарындағы орындаушылық тәртіптің жағдайы туралы баяндайды.".
      2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      2) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмi аппаратының басшысы Б.Жылқышиевқа жүктелсiн.
      Облыс әкімі Б.Атамқұлов
      Д.Сатыбалды
      Б.Жылқышиев
      Е.Айтаханов
      С.Қаныбеков
      Е.Садыр
      С.Тұяқбаев
      А.Абдуллаев

  Оңтүстік Қазақстан
облысы әкімдігінің
2015 жылғы "03" қарашадағы
№ 351 қаулысына қосымша
  Облыс әкімдігінің
2014 жылғы " 02 " қазандағы
№ 314 қаулысына қосымша

4-1. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу

      38-1. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі аппаратпен және жергілікті атқарушы органдармен, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарымен өздері қабылдаған және (немесе) өздері әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ өздерінің құзыретіне жататын актілерге қатысты жүргізіледі.
      38-2. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингі Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін, ескірген және сыбайлас жемқорлықты тудыратын құқық нормаларын анықтау, олардың іске асырылуының тиімділігін бағалау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау, сондай-ақ оның даму серпінін және қолданылу практикасын болжау бойынша тұрақты негізде жүргізіледі.
      38-3. Атқарушы орган өзі әзірлеушілері болып табылатын нормативтік құқықтық актілерде сәйкес емес, қарама-қайшы немесе ескірген нормаларды анықтаған жағдайда аппаратқа тиісті ұсыныстар жібереді.
      38-4. Жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер қабылданған жағдайда, атқарушы орган аппараттың тиісті бөлімдерімен бірлесіп үш жұмыс күні ішінде жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілердің реттеу мәнімен байланысты заңға тәуелді актілерді талдайды.
      38-5. Заңға тәуелді актілердің жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілер күшіне енген күнінен бастап бір ай ішінде атқарушы орган аппараттың тиісті бөлімдерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен өзгерістер мен (немесе) толықтырулар не олардың күшін жою бойынша шаралар қабылдайды.
      38-6. Нормалары жоғары деңгейдегі жаңа нормативтік құқықтық актілерге қайшы келетін заңға тәуелді актілерге өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуді немесе олардың күшін жоюды көздейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдау бойынша бұл актілер қабылданғаннан кейін бір апта мерзімде қабылдаған шаралар туралы ақпарат аппараттың заң қызметімен әділет органдарына ұсынылады.
      38-7. Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен ағымдағы күнтізбелік жылдың 20 желтоқсанынан кешіктірмей, атқарушы орган аппараттың тиісті бөлімдерімен бірлесіп, Нормативтік құқықтық актілер тіркеліміне енгізілген, оларға қатысты құқықтық мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілерді (өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы актілерді есептемегенде) әр айға бөліп және олардың тізбесін көрсете отырып, алдағы күнтізбелік жылға арналған нормативтік құқықтық актілердің мониторингін жүргізу кестесі бекітіледі.
      38-8. Атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 964 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасына (әрі қарай – Қағида) 2-қосымшаға сәйкес Нормативтік құқықтық актілер тіркелімін жүргізуді қамтамасыз етеді.
      38-9. Жарты жылдықтың соңғы айының бірінші күніне дейін (1 маусымға және 1 желтоқсанға дейін) атқарушы органдар аппараттың заң қызметімен жүргізілген мониторинг туралы ақпаратты және қажет болған жағдайда қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді.
      38-10. Аппараттың заң қызметі алынған ақпарат пен ұсыныстарды талдайды және атқарушы органдармен бірлесіп, олардың түскен сәтінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметі және уәкілетті органдарға ұсыныс енгізу бойынша шаралар қабылдайды.
      38-11. Нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізудің толықтығын қамтамасыз ету үшін аппараттың заң қызметі тоқсан сайын әділет органдарына өткен тоқсан бойынша әкімдік қаулылары мен әкімнің шешімдерінің тізбесін ұсынады.
      38-12. Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша аппараттың заң қызметі Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нормативтік құқықтық актілердің нысандары бойынша жеке-жеке жылына екі рет, жартыжылдықтың соңғы айының 30-күніне дейін тіркелімге сәйкес өздеріне қатысты мониторинг жүргізілетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қоса бере отырып, оларды қабылдаудың хронологиялық тәртібімен талдау анықтамаларын, сондай-ақ осы Қағиданың 11-тармағында көзделген материалдарды пайдалану туралы ақпаратты және кестенің көшірмесін одан әрі Қазақстан Республикасының әділет органдарына ұсыну үшін аумақтық әділет органдарына тапсырады.