О дополнительном регламентировании порядка проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций

Решение Арысского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 27 января 2015 года № 37/220-V. Зарегистрировано Департаментом юстиции Южно-Казахстанской области 4 марта 2015 года № 3068. Утратило силу решением Арысского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 4 марта 2016 года № 52/307-V

      Сноска. Утратило силу решением Арысского городского маслихата Южно-Казахстанской области от 04.03.2016 № 52/307-V.
      В соответствии со статьей 10 Закона Республики Казахстан от 17 марта 1995 года "О порядке организации и проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в Республике Казахстан", и в целях обеспечения прав и свобод граждан, общественной безопасности, а также бесперебойного функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм, Арысский городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Арыс согласно приложению.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии
городского маслихата
К. Баймурзаев

  Утвержден решением
Арысского городского
маслихата от 27 января
2015 года № 37/220-V

Порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций на территории города Арыс
1. Общие положения

      1. В соответствии с Законом Республики Казахстан от 17 маpта 1995 года "О поpядке оpганизации и пpоведения миpных собpаний, митингов, шествий, пикетов и демонстpаций в Республике Казахстан" регламентирует порядок проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций в городе Арыс.

2. Порядок пpоведения собpаний, митингов, шествий, пикетов и демонстpаций

      2. О проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается заявление в акимат города Арыс.
      3. Заявления о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подают уполномоченные трудовых коллективов, общественных объединений или отдельных групп граждан Республики Казахстан, достигшие восемнадцатилетнего возраста.
      4. Заявление о проведении собрания, митинга, шествия, пикета или демонстрации подается в письменной форме не позднее чем за 10 дней до намеченной даты их проведения. В заявлении указываются цель, форма, место проведения мероприятия или маршруты движения, время его начала и окончания, предполагаемое количество участников, фамилии, имена, отчества уполномоченных (организаторов) и лиц, ответственных за соблюдение общественного порядка, место их жительства и работы (учебы), дата подачи заявления. Срок подачи заявления исчисляется со дня его регистрации в акимате города Арыс.
      5. Акимат города Арыс в целях обеспечения прав и свобод других лиц, общественной безопасности, а также нормального функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленных насаждений и малых архитектурных форм при необходимости предлагает обратившимся с заявлением иные время и место проведения мероприятия.
      6. В случае отказа от выполнения законных требований представителя городского акимата по его указанию органами внутренних дел принимаются необходимые меры по прекращению собрания, митинга, шествия, пикетирования и демонстрации.
      7. При проведении собраний, митингов, шествий, пикетов, демонстраций уполномоченные (организаторы), а также иные участники должны соблюдать общественный порядок.

3. Ответственность при оpганизации и пpоведения собpаний, митингов, шествий, пикетов и демонстpаций

      8. Уполномоченные (организаторы) в установленном законом порядке несут ответственность за нарушение норм, предусмотренных настоящей статьей.
      9. Лица, нарушившие установленный порядок организации и проведения собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций, несут ответственность в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

Жиналыстар, митингілер, шерулер пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 37/220-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 4 наурызда № 3068 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 2016 жылғы 4 наурызда № 52/307-V шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Арыс қалалық мәслихатының 04.03.2016 № 52/307-V шешiмiмен.
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл-желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Арыс қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Арыс қаласының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
сессиясының төрағасы
Қ.Баймурзаев

  Арыс қалалық мәслихатының
2015 жылғы 27 қаңтардағы
№ 37/220-V шешімімен бекітілген

Арыс қаласының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Арыс қаласының аумағында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу Арыс қаласы әкімдігіне өтiнiш берiледi.
      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Арыс қаласы әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      5. Арыс қаласы әкімдігіне басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерi ұсынады.
      6. Қала әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
      7. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.

3. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудегі жауапкершілік

      8. Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) осы бапта көзделген нормаларды бұзғаны үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
      9. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.