Об утверждении Правил и условий эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области

Постановление акимата Западно-Казахстанской области от 28 апреля 2015 года № 110. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 2 июня 2015 года № 3922. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 8 декабря 2015 года № 349

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Западно-Казахстанской области от 08.12.2015 № 349.
      Руководствуясь Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах", акимат Западно-Казахстанской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила и условия эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области.
      2. Государственному учреждению "Управление пассажирского транспорта и автомобильных дорог Западно-Казахстанской области" (М. Г. Куаншалиев) обеспечить государственную регистрацию данного постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима области Каримова М. Ш.
      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.
      Исполняющий обязанности
акима области
А. Утегулов

  Утверждены
постановлением акимата
Западно-Казахстанской области
от 28 апреля 2015 года № 110

Правила и условия эксплуатации платных автомобильных дорог
и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
Западно-Казахстанской области

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила и условия эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 6-1) пункта 1-1 статьи 13 Закона Республики Казахстан от 17 июля 2001 года "Об автомобильных дорогах" (далее – закон) и устанавливают порядок и условия эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области, переданных дорожному предприятию по эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области.
      2. В настоящих Правилах используются следующие основные понятия:
      1) пользователи автомобильными дорогами – физические и юридические лица, являющиеся участниками дорожного движения или осуществляющие иную деятельность в пределах полосы отвода автомобильных дорог и придорожной полосы;
      2) эксплуатация платных автомобильных дорог и мостовых переходов – осуществление мероприятий по обеспечению непрерывного, безопасного движения автотранспортных средств по платным автомобильным дорогам и мостовым переходам с установленными нагрузками, габаритами и поддержание их транспортно-эксплуатационного состояния в период эксплуатации;
      3) дорожное предприятие – предприятие, находящееся в коммунальной собственности области по эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов;
      4) мостовой переход – комплекс инженерных сооружений для преодоления водного препятствия, включающий в себя мост, подходы к мосту, регуляционные и защитные сооружения.

2. Правила и условия эксплуатации платных автомобильных дорог
и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения
Западно-Казахстанской области

      3. Эксплуатация платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области предусматривает своевременное обеспечение дорожным предприятием мероприятий по их ремонту и содержанию в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      4. Дорожное предприятие в целях надлежащей эксплуатации платных автомобильных дорог и мостовых переходов общего пользования областного и районного значения Западно-Казахстанской области:
      1) обеспечивает соблюдение требований безопасности при эксплуатации автомобильных дорог в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      2) обеспечивает очистку платных автомобильных дорог и мостовых переходов от снега в зимний период и принимает меры против скользкости покрытия;
      3) обеспечивает бесперебойный и безопасный проезд транспортных средств и соблюдение требований природоохранного законодательства;
      4) принимает меры по возмещению ущерба пользователям автомобильными дорогами в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан, причиненного дорожно-транспортными происшествиями, возникшего по причине дорожных условий;
      5) обеспечивает фитосанитарное состояние полосы отвода автомобильных дорог в соответствии с законодательными актами Республики Казахстан;
      6) содержит защитные насаждения вдоль автомобильных дорог;
      7) устраняет последствия стихийных метеорологических явлений и чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера;
      8) при взаимодействии с подразделениями дорожной полиции ведет учет дорожно-транспортных происшествий, анализирует причины и условия, способствующие их возникновению, разрабатывает мероприятия по их предупреждению и ликвидации;
      9) обеспечивает возможность безопасного проезда транспортных средств в рамках скоростного режима, установленных Правилами дорожного движения Республики Казахстан, утвержденным постановлением Правительства Республики Казахстан от 13 ноября 2014 года № 1196 "Об утверждении Правил дорожного движения, Основных положений по допуску транспортных средств к эксплуатации, перечня оперативных и специальных служб, транспорт которых подлежит оборудованию специальными световыми и звуковыми сигналами и окраске по специальным цветографическим схемам";
      10) принимает меры по спасению участников дорожного движения, оказанию им доврачебной медицинской помощи в случаях дорожно-транспортных происшествий, аварий, стихийных бедствий;
      11) оказывает содействие подразделениям дорожной полиции в расследовании дорожно-транспортных происшествий, а также проводит служебное расследование, если дорожно-транспортное происшествие произошло по сопутствующим дорожным условиям;
      12) оказывает содействие органам, осуществляющим оперативно-розыскную деятельность в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      13) обеспечивает устройство и ремонт технических средств организации дорожного движения (ограждения, знаки, разметка, направляющие устройства, сети освещения, светофоры, системы автоматизированного управления движением);
      14) обеспечивает устройство средств измерения, оборудования и программного обеспечения для мониторинга движения автотранспортных средств с подключением к необходимым информационно-коммуникационным сетям;
      15) обеспечивает взимание платы за проезд по платным автомобильным дорогам в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
      5. Работы по содержанию платных автомобильных дорог и мостовых переходов осуществляются на постоянной основе.
      6. В целях своевременного проведения работ по содержанию платных автомобильных дорог и мостовых переходов их визуальный осмотр осуществляется ежедневно.
      7. Контроль за эксплуатацией платных автомобильных дорог и мостовых переходов осуществляет уполномоченный государственный орган по автомобильным дорог.

Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттарын бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 110 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 2 маусымда № 3922 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 349 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 08.12.2015 № 349 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (М. Г. Қуаншалиев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
А. Өтеғұлов

  2015 жылғы 28 сәуірдегі № 110
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға
ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін
пайдалану қағидалары мен шарттары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану қағидалары мен шарттары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 13-бабы 1-1 тармағы, 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) автомобиль жолдарын пайдаланушылар – жол қозғалысына қатысушылар болып табылатын немесе автомобиль жолдарына бөлінген белдеу мен жол бойындағы белдеу шегінде өзге де қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар;
      2) ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану – ақылы автомобиль жолдары және көпір өткелдері бойынша автокөлік құралдарының белгіленген жүктемелерімен, габариттерімен үздіксіз, қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және пайдалану кезеңінде олардың көліктік-пайдалану жай-күйін ұстау;
      3) жол кәсіпорны – облыстың ақылы автомобиль жолдары және көпір өткелдерін пайдалану бойынша коммуналдық меншігіндегі кәсіпорын;
      4) көпір өткелі – көпірді, көпірге кіреберісті, реттеу және қорғау құрылыстарын қамтитын, су кедергілерін еңсеруге арналған инженерлік құрылыстар кешені.

2. Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар
жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және
көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттары

      3. Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол кәсіпорнының оларды жөндеу мен күтіп ұстау жөніндегі іс-шараларды уақтылы қамтамасыз етуін көздейді.
      4. Жол кәсіпорны Батыс Қазақстан облысының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын ақылы автомобиль жолдары мен көпір өткелдерін тиісті пайдалану мақсатында:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес автомобиль жолдарын пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) қысқы кезеңде ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін қардан тазартуды қамтамасыз етеді және жамылғының тайғақтығына қарсы шаралар қабылдайды;
      3) көлік құралдарының үздіксіз және қауіпсіз жүріп өтуін және табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға жол жағдайларының себептері бойынша туындаған жол-көлік оқиғалары келтірген зиянды өтеу жөніндегі шараларды қабылдайды;
      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің фитосанитариялық жай-күйін қамтамасыз етеді;
      6) автомобиль жолдарының бойында қорғаныш екпелерін күтіп-ұстайды;
      7) дүлей метеорологиялық құбылыстар мен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жояды;
      8) жол полициясы бөлімшелерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, жол-көлік оқиғаларының есебін жүргізеді, олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды талдайды, олардың алдын алу мен жою жөніндегі іс-шараларды әзірлейді;
      9) "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жол қозғалысының ережелерінде белгіленген жылдамдық режимінің шеңберінде көлік құралдарының қауіпсіз жүріп өту мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
      10) жол қозғалысына қатысушыларды құтқару, жол-көлік оқиғалары, авариялар, дүлей апаттар жағдайларында оларға дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды;
      11) жол полициясы бөлімшелеріне жол-көлік оқиғаларын тергеуге жәрдем көрсетеді, сондай-ақ егер жол-көлік оқиғасы ілеспе жол жағдайлары бойынша болса, қызметтік тексеру жүргізеді;
      12) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетеді;
      13) жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын (қоршаулар, жол белгілері, жолды белгілеу, бағыттайтын құрылғылар, жарықтандыру желілері, бағдаршамдар, қозғалысты автоматтандырылған басқару жүйелері) орнату мен жөндеуді қамтамасыз етеді;
      14) қажетті ақпараттық-коммуникациялық желілерге қосу арқылы автокөлік құралдары қозғалысының мониторингі үшін өлшеу құрылғыларын, жабдықтарды орнатуды және бағдарламалық қамтуды қамтамасыз етеді;
      15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы алуды қамтамасыз етеді.
      5. Ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүзеге асырылады.
      6. Автомобиль жолдарымен көпір өткелдерін күтіп-ұстау бойынша жұмыстарды уақтылы жүргізу мақсатында оларды көзбен шолып тексеру күн сайын жүзеге асырылады.
      7. Ақылы автомобиль жолдарының және көпір өткелдерінің пайдаланылуын бақылауды автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.