О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акжаикского района от 25 июля 2014 года № 308 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстанской области"

Постановление акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 23 апреля 2015 года № 182. Зарегистрировано Департаментом юстиции Западно-Казахстанской области 20 мая 2015 года № 3911. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 3 октября 2016 года № 341

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Акжаикского района Западно-Казахстанской области от 03.10.2016 № 341.
      Руководствуясь Гражданским кодексом Республики Казахстан от 27 декабря 1994 года, Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 17 января 2014 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам агропромышленного комплекса" акимат района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в постановление акимата Акжаикского района от 25 июля 2014 года № 308 "Об утверждении Положения о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстанской области" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов 11 августа 2014 года № 3604, опубликованное 14 августа 2014 года в газете "Жайық таңы") следующие изменения и дополнение:
      в Положении о государственном учреждении "Отдел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстанской области" утвержденный данным постановлением:
      в пункте 15:
      подпункт 12 изложить в следующей редакции:
      "12) организация проведения ветеринарных мероприятий по профилактике, отбору проб биологического материала и доставке их для диагностики особо опасных болезней животных по перечню, утверждаемому уполномоченным органом, а также других болезней животных;";
      подпункт 14 изложить в следующей редакции:
      "14) определение потребности в изделиях (средствах) и атрибутах для проведения идентификации сельскохозяйственных животных и передача информации в местный исполнительный орган области, города республиканского значения, столицы;";
      дополнить подпунктами следующего содержания:
      "21) утверждение списка государственных ветеринарных врачей, имеющих право выдачи ветеринарно-санитарного заключения на объекты государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора;
      22) организация и осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением физическими и юридическими лицами законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии в пределах соответствующей административно-территориальной единицы;
      23) проведение обследования эпизоотических очагов в случае их возникновения;
      24) выдача акта эпизоотологического обследования;
      25) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора на предмет соблюдения требований законодательства Республики Казахстан в области ветеринарии:
      на объектах внутренней торговли;
      на объектах производства, осуществляющих выращивание животных, заготовку (убой), хранение, переработку и реализацию животных, продукции и сырья животного происхождения, а также в организациях по хранению и реализации ветеринарных препаратов, кормов и кормовых добавок (за исключением связанных с импортом и экспортом);
      у лиц, осуществляющих предпринимательскую деятельность в области ветеринарии за исключением производства ветеринарных препаратов;
      при транспортировке (перемещении), погрузке, выгрузке перемещаемых (перевозимых) объектов в пределах соответствующей административно-территориальной единицы, за исключением их экспорта (импорта) и транзита;
      на всех видах транспортных средств, по всем видам тары, упаковочных материалов, которые могут быть факторами передачи возбудителей болезней животных, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      на скотопрогонных трассах, маршрутах, территориях пастбищ и водопоя животных, по которым проходят маршруты транспортировки (перемещения);
      на территориях, в производственных помещениях и за деятельностью физических и юридических лиц, выращивающих, хранящих, перерабатывающих, реализующих или использующих перемещаемые (перевозимые) объекты, за исключением экспорта (импорта) и транзита;
      26) осуществление государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора за соблюдением зоогигиенических и ветеринарных (ветеринарно-санитарных) требований при размещении, строительстве, реконструкции и вводе в эксплуатацию скотомогильников (биотермических ям), объектов государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора, связанных с содержанием, разведением, использованием, производством, заготовкой (убоем), хранением, переработкой и реализацией, а также при транспортировке (перемещении) перемещаемых (перевозимых) объектов;
      27) составление акта государственного ветеринарно-санитарного контроля и надзора в отношении физических и юридических лиц;
      28) прием уведомлений от физических и юридических лиц о начале или прекращении осуществления предпринимательской деятельности в области ветеринарии, а также ведение государственного электронного реестра разрешений и уведомлений в соответствии с Законом Республики Казахстан "О разрешениях и уведомлениях";
      29) осуществление в интересах местного государственного управления иных полномочий, возлагаемых на местные исполнительные органы законодательством Республики Казахстан.".
      2. Государственному учреждению "Отдел ветеринарии Акжаикского района Западно-Казахстанской области" в установленном законодательством порядке принять соответствующие меры по реализации настоящего постановления.
      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Акжаикского района" обеспечить государственную регистрацию настоящего постановления в органах юстиции, его официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" и в средствах массовой информации.
      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района А. Абугалиева.
      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня первого официального опубликования.

Аким района
Н. Турегалиев

      

Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 308 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 182 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 мамырда № 3911 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 3 қазандағы № 341 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 03.10.2016 № 341 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2014 жылғы 17 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңдарын басшылыққа алып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 308 "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 11 тамызда № 3604 тіркелген, 2014 жылғы 14 тамыздағы "Жайық таңы" газетінде жарияланған) қаулысына төмендегідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
       15 тармақта:
      12 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "12) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;";
      14 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "14) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;";
      мынадай мазмұндағы тармақшаларымен толықтырылсын:
      "21) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
      22) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
      23) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
      24) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
      25) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
      ішкі сауда объектілерінде;
      жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);
      ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;
      экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
      тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
      экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;
      26) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
      27) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
      28) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
      29) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.".
      2. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының ветеринария бөлімі" заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. "Ақжайық ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары А. Абуғалиевке тапсырылсын.
      5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі
Н. Төреғалиев