О внесении изменений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета

Постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 28 января 2016 года № 6. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 марта 2016 года № 13415.

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" в целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить Перечень нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам ведения бухгалтерского учета, в которые вносятся изменения согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Департаменту бухгалтерского учета (Рахметова С.К.) в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Департаментом правового обеспечения (Сарсенова Н.В.) государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление настоящего постановления в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан":

      на официальное опубликование в информационно-правовой системе "Әділет" в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      для включения в Государственный реестр нормативных правовых актов Республики Казахстан, Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан в течение десяти календарных дней со дня его получения Национальным Банком Республики Казахстан после государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Национального Банка Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Департаменту международных отношений и связей с общественностью (Казыбаев А.К.) обеспечить направление настоящего постановления на официальное опубликование в периодических печатных изданиях в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Национального Банка Республики Казахстан Галиеву Д.Т.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Председатель


Национального Банка

Д. Акишев


  Приложение
к постановлению Правления
Национального Банка
Республики Казахстан
от 28 января 2016 года № 6

Перечень
нормативных правовых актов Республики Казахстан по вопросам
ведения бухгалтерского учета

      1. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 22 сентября 2008 года № 79 "Об утверждении Типового плана счетов бухгалтерского учета для отдельных субъектов финансового рынка Республики Казахстан" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5348, опубликованное 12 декабря 2008 года в Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан № 12) следующее изменение:

      в Типовом плане счетов бухгалтерского учета для отдельных субъектов финансового рынка Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящий Типовой план счетов бухгалтерского учета для отдельных субъектов финансового рынка Республики Казахстан (далее - План счетов) разработан в соответствии с Законом Республики Казахстан от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" и предназначен для группировки и текущего отражения элементов финансовой отчетности в стоимостном выражении единым накопительным пенсионным фондом, добровольными накопительными пенсионными фондами (далее – накопительные пенсионные фонды), организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, страховыми (перестраховочными) организациями, страховыми брокерами, обществами взаимного страхования, специальными финансовыми компаниями, исламскими специальными финансовыми компаниями, профессиональными участниками рынка ценных бумаг Республики Казахстан и микрофинансовыми организациями (далее – организации) на счетах бухгалтерского учета для составления финансовой отчетности.".

      2. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.08.2018 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      3. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.08.2018 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      4. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 1 июля 2011 года № 68 "Об утверждении Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7121, опубликованное 5 октября 2011 года в газете "Юридическая газета" № 144 (2134)) следующее изменение:

      в Инструкции по ведению бухгалтерского учета отдельными субъектами финансового рынка, утвержденной указанным постановлением:

      часть первую пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Настоящая Инструкция детализирует ведение бухгалтерского учета операций по размещению собственных денег во вклады, займы, ценные бумаги, производные инструменты, аффинированные драгоценные металлы, иностранную валюту, операций хеджирования, а также операций РЕПО и обратного РЕПО единым накопительным пенсионным фондом, добровольными накопительными пенсионными фондами (далее - накопительные пенсионные фонды), организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, страховыми (перестраховочными) организациями, исламскими страховыми (перестраховочными) организациями, обществами взаимного страхования, страховыми брокерами, профессиональными участниками рынка ценных бумаг, специальными финансовыми компаниями и микрофинансовыми организациями (далее - организация).".

      5. Внести в постановление Правления Национального Банка Республики Казахстан от 24 августа 2012 года № 270 "Об утверждении Правил организации ведения бухгалтерского учета" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7978, опубликованное 12 декабря 2012 года в газете "Казахстанская правда" № 431-432 (27250-27251)) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с Законом Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан" и в целях совершенствования организации ведения бухгалтерского учета операций, осуществляемых финансовыми организациями, специальными финансовыми компаниями, исламскими специальными финансовыми компаниями, акционерным обществом "Банк Развития Казахстана", Правление Национального Банка Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах организации ведения бухгалтерского учета, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Настоящие Правила организации ведения бухгалтерского учета (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законами Республики Казахстан от 30 марта 1995 года "О Национальном Банке Республики Казахстан", от 28 февраля 2007 года "О бухгалтерском учете и финансовой отчетности" (далее – Закон о бухгалтерском учете) и устанавливают порядок организации ведения бухгалтерского учета финансовыми организациями, специальными финансовыми компаниями, исламскими специальными финансовыми компаниями и акционерным обществом "Банк Развития Казахстана" (далее – организации), за исключением организаций, созданных в форме товарищества с ограниченной ответственностью.".

      6. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.03.2017 № 47 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 6 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 9 наурызда № 13415 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы және "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілік жасау саласындағы реттеу мен бақылау мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны күнтізбелік он күн ішінде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Д. Ақышев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 28 қаңтардағы
№ 6 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепті жүргізу және
қаржылық есептілікті жасау саласындағы реттеу мен бақылау
мәселелері бойынша өзгерістер енгізілетін нормативтік
құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5348 тіркелген, 2008 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында № 12 жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспары (бұдан әрі - Шоттар жоспары) "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, өзара сақтандыру қоғамдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрі - ұйымдар) қаржылық есептілік элементтерін топтастыру және қаржылық есептілікті жасау үшін бухгалтерлік есеп шоттарында құндық көрсеткішпен ағымдағы көрсетуге арналған.".

      2. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      3. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2018 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. "Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 1 шілдедегі № 68 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7121 тіркелген, 2011 жылғы 4 қазанда "Заң газеті" газетінде № 143 (1959) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы нарығының жекелеген субъектілерінің бухгалтерлік есепті жүргізуі жөніндегі нұсқаулықта:

      2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Нұсқаулық бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының (бұдан әрі - жинақтаушы зейнетақы қорлары), банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, исламдық сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, өзара сақтандыру қоғамдарының, сақтандыру брокерлерiнiң, бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушыларының, арнайы қаржы компанияларының және микроқаржы ұйымдарының (бұдан әрi - ұйым) меншiктi ақшаны салымдарға, заемдарға, бағалы қағаздарға, туынды құралдарға, тазартылған қымбат металдарға, шетел валютасына орналастыру операцияларының, хеджирлеу операцияларының, сондай-ақ РЕПО және керi РЕПО операцияларының бухгалтерлiк есебін жүргiзуді нақтылайды.".

      5. "Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 270 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7978 тіркелген, 2012 жылғы 12 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 818-823 (27894) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және қаржы ұйымдары, арнайы қаржы компаниялары, исламдық арнайы қаржы компаниялары, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы жүзеге асыратын операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      1. Осы Бухгалтерлік есеп жүргізуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп туралы заң) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған ұйымдарды қоспағанда, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының және "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі - ұйымдар) бухгалтерлік есебін жүргізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.".

      6. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.03.2017 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен