О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 "Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 24 февраля 2016 года № 85. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 марта 2016 года № 13450

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 18 сентября 2014 года № 403 «Некоторые вопросы Единой бюджетной классификации Республики Казахстан» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9756, опубликован в информационно-правовой системе «Әділет» 17 октября 2014 года) следующие изменения и дополнения:
      в Единую бюджетную классификацию Республики Казахстан, утвержденную указанным приказом:
      в функциональной классификации расходов бюджета:
      в функциональной группе 01 «Государственные услуги общего характера»:
      в функциональной подгруппе 5 «Планирование и статистическая деятельность»:
      по администраторам бюджетных программ 258 «Управление экономики и бюджетного планирования области», 299 «Управление экономики и финансов области», 357 «Управление экономики и бюджетного планирования города республиканского значения, столицы», 453 «Отдел экономики и бюджетного планирования района (города областного значения)», 459 «Отдел экономики и финансов района (города областного значения)», 461 «Отдел экономики, финансов и предпринимательства района (города областного значения)», 476 «Отдел экономики, бюджетного планирования и предпринимательства района (города областного значения)» и 727 «Управление экономики области»:
      наименование бюджетной программы 061 «Экспертиза и оценка документации по вопросам бюджетных инвестиций и государственно-частного партнерства, в том числе концессии, проведение оценки реализации бюджетных инвестиций» изложить в следующей редакции:
      «061 Экспертиза и оценка документации по вопросам бюджетных инвестиций и государственно-частного партнерства, в том числе концессии»;
      в функциональной группе 04 «Образование»:
      в функциональной подгруппе 4 «Техническое и профессиональное, послесреднее образование»:
      дополнить администратором бюджетных программ 271 с бюджетной программой 099 следующего содержания:
      «271 Управление строительства области
      099 Строительство и реконструкция объектов технического, профессионального и послесреднего образования»;
      в функциональной группе 07 «Жилищно-коммунальное хозяйство»:
      в функциональной подгруппе 1 «Жилищное хозяйство»:
      по администратору бюджетных программ 243 «Министерство национальной экономики Республики Казахстан»:
      дополнить бюджетной программой 135 следующего содержания:
      «135 Целевые трансферты на развитие областному бюджету Акмолинской области на строительство и (или) реконструкцию жилья и инженерно-коммуникационной инфраструктуры для переселения жителей населенных пунктов Калачи и Красногорский Акмолинской области»;
      по администратору бюджетных программ 271 «Управление строительства области»:
      дополнить бюджетной программой 062 с бюджетными подпрограммами 011 и 015 следующего содержания:
      «062 Целевые трансферты на развитие бюджетам районов (городов областного значения) на строительство и (или) реконструкцию жилья и инженерно-коммуникационной инфраструктуры для переселения жителей населенных пунктов Калачи и Красногорский Акмолинской области
      011 За счет трансфертов из республиканского бюджета
      015 За счет средств местного бюджета»;
      по администратору бюджетных программ 467 «Отдел строительства района (города областного значения)»:
      дополнить бюджетной программой 062 с бюджетными подпрограммами 011 и 015 следующего содержания:
      «062 Строительство и (или) реконструкция жилья и инженерно-коммуникационной инфраструктуры для переселения жителей населенных пунктов Калачи и Красногорский Акмолинской области
      011 За счет трансфертов из республиканского бюджета
      015 За счет средств местного бюджета»;
      в функциональной группе 13 «Прочие»:
      в функциональной подгруппе 3 «Поддержка предпринимательской деятельности и защита конкуренции»:
      по администратору бюджетных программ 243 «Министерство национальной экономики Республики Казахстан»:
      по бюджетной программе 087 «Реализация мероприятий в рамках Единой программы поддержки и развития бизнеса «Дорожная карта бизнеса 2020»:
      наименование бюджетной подпрограммы 105 «Целевые трансферты на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на развитие индустриальной инфраструктуры» изложить в следующей редакции:
      «105 Целевые трансферты на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на развитие индустриальной инфраструктуры за счет средств республиканского бюджета»;
      дополнить бюджетной подпрограммой 107 следующего содержания:
      «107 Целевые трансферты на развитие областным бюджетам, бюджетам городов Астаны и Алматы на развитие индустриальной инфраструктуры за счет целевого трансферта из Национального фонда Республики Казахстан».
      2. Департаменту бюджетного законодательства Министерства финансов Республики Казахстан (Ерназарова З. А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение пяти рабочих дней со дня получения настоящего приказа от Министерства юстиции Республики Казахстан его направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие после дня его государственной регистрации.

      Министр финансов
      Республики Казахстан                       Б. Султанов

"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 24 ақпандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 наурызда № 13450 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында:
      258 «Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», 299 «Облыстың экономика және қаржы басқармасы», 357 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы», 453 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі», 459 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі», 461 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, қаржы және кәсіпкерлік бөлімі», 476 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика, бюджеттік жоспарлау және кәсіпкерлік бөлімі» және 727 «Облыстың экономика басқармасы»:
      061 «Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау, бюджеттік инвестициялардың іске асырылуын бағалауды жүргізу» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «061 Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия мәселелері жөніндегі құжаттаманы сараптау және бағалау»;
      04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
      4 «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 099 бюджеттік бағдарламасы бар 271 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «271 Облыстың құрылыс басқармасы
      099 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      1 «Тұрғын үй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
      243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 135 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «135 Ақмола облысының облыстық бюджетіне Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 062 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «062 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      467 «Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 062 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «062 Ақмола облысының Калачи және Красногорский елді мекендерінің тұрғындарын көшіру үшін тұрғын үй және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      3 «Кәсiпкерлiк қызметтi қолдау және бәсекелестікті қорғау» функционалдық кіші тобында:
      243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      087 ««Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде іс-шараларды іске асыру» бюджеттік бағдарламасы бойынша:
      105 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға нысаналы даму трансферттері» бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «105 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджет қаражаты есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:
      «107 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне индустриялық инфрақұрылымды дамытуға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферт есебінен берілетін нысаналы даму трансферттері».
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З.А. Ерназарова) заңнамамен белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттік тiркелген күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
        Қаржы Министрі                         Б. Сұлтанов