О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 мая 2015 года № 585 "Об утверждении Регламента государственной услуги "Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций"

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2016 года № 208. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 марта 2016 года № 13496. Утратил силу приказом Министра иностранных дел Республики Казахстан от 1 июня 2020 года № 11-1-4/179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра иностранных дел РК от 01.06.2020 № 11-1-4/179 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 20 мая 2015 года № 585 "Об утверждении Регламента государственной услуги "Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 11457, опубликованный 24 августа 2015 года в информационно-правовой системе "Әділет") следующие изменения:

      в регламенте государственной услуги "Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций", утвержденном указанным приказом:

      подпункт 3) пункта 5 изложить в следующей редакции:

      "3) в случае соответствия документов требованиям, установленным статьей 286 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года руководителем услугодателя принимается приказ о заключении Контракта в течение двух рабочих дней по итогам рассмотрения документов;";

      подпункт 5) пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "5) руководитель услугодателя в случае соответствия документов требованиям, установленными статьей 286 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан от 29 октября 2015 года, в течении двух рабочих дней по итогам рассмотрения документов принимает приказ о заключении Контракта;";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Подробное описание последовательности процедур (действий), взаимодействий структурных подразделений (работников) услугодателя в процессе оказания государственной услуги отражается в справочнике бизнес-процессов оказания государственной услуги "Заключение инвестиционного контракта на реализацию инвестиционного проекта, предусматривающего осуществление инвестиций и предоставление инвестиционных преференций" согласно приложению к настоящему Регламенту.".

      2. Комитету по инвестициям Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Хаиров Е.К.) обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему "Әділет" в течении десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республикаский центр правовой информации в течении пяти рабочих дней со дня получения зарегестрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;

      4) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан предоставление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр


по инвестициям и развитию


Республики Казахстан

А. Исекешев


"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 585 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 208 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 16 наурызда № 13496 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 11-1-4/179 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 43-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 585 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11457 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 24 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттарына сәйкес келген жағдайда, құжаттарды қарастырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметті берушінің басшысының Келісімшарт жасасу туралы бұйрық қабылданады;";

      8-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттары сәйкес келген жағдайда, көрсетілген қызметті берушінің басшысы құжаттар қарастырылған қорытынды бойынша екі жұмыс күні ішінде Келісімшарт жасасу туралы бұйрықты қабылдауды;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды ұсынуды көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың

      интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму


министрі

Ә. Исекешев