О внесении изменений и дополнения в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств»

Приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 23 февраля 2016 года № 220. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 марта 2016 года № 13530

      В соответствии с пунктом 1 статьи 43-1 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года «О нормативных правовых актах» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 5 сентября 2013 года № 689 «Об утверждении Правил использования специальных автоматизированных измерительных средств» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 8788, опубликованный 5 декабря 2013 года в газете «Казахстанская правда» № 330 (27604) следующие изменения и дополнение:
      в Правилах использования специальных автоматизированных измерительных средств, утвержденных указанным приказом:
      пункт 4 изложить в следующей редакции:
      «4. Основные понятия и термины, применяемые в Правилах:
      1) аппаратно-программный комплекс - совокупность программного обеспечения и технических средств, совместно применяемых для решения задач определенного типа;
      2) специальное автоматизированное измерительное средство - сертифицированное специальное контрольно-измерительное техническое оборудование, прошедшее метрологическую поверку, осуществляющее фото-, видеосъемку, работающее в автоматическом режиме, фиксирующее вид, марку, государственный регистрационный знак, весовые и (или) габаритные параметры и скорость движения автотранспортных средств;
      3) взвешивание транспортного средства - процесс определения общей массы и нагрузок на оси автотранспортных средств посредством весоизмерительного оборудования стационарного типа или переносных мобильных весов, прошедших обязательную метрологическую поверку и имеющих соответствующий сертификат;
      4) жесткая дорожная одежда - дорожная одежда с покрытием или основанием из цементобетона или железобетона;
      5) нежесткая дорожная одежда - дорожная одежда со слоями, устроенными из разного вида асфальтобетонов, из материалов и грунтов, укрепленных битумом, цементом, известью, комплексными и другими вяжущими, а также из слабосвязных зернистых материалов;
      6) погрешность измерения - отклонение результата измерения от истинного (действительного) значения измеряемой величины.»;
      дополнить пунктом 6-1 следующего содержания:
      «6-1. При определении весовых параметров автотранспортных средств учитывается погрешность измерения в зависимости от типа конструкции дорожной одежды, которая автоматически вычитается информационно-аналитической системой транспортной базы данных и мониторинга динамики безопасности перевозок (далее - ИАС ТБД) из измеренного значения массы автотранспортного средства.
      При жесткой дорожной одежде погрешность измерения составляет: от массы автотранспортных средств - 5%, от нагрузки на одиночную ось автотранспортных средств - 8%, от нагрузки на смежную ось с количеством более трех осей, сдвоенную и строенную оси грузового, специализированного и специального автомобиля, самосвала, автобуса, прицепов или полуприцепов - 7%;
      При нежесткой дорожной одежде погрешность измерения составляет от массы автотранспортных средств - 10%, от нагрузки на одиночную ось автотранспортных средств - 15%, от нагрузки на смежную ось с количеством более трех осей, сдвоенную и строенную оси грузового, специализированного и специального автомобиля, самосвала, автобуса, прицепов или полуприцепов - 13%.»;
      в пункте 8:
      подпункт 1) изложить в следующей редакции:
      «1) регистрация проезжающих автотранспортных средств с последующим передачей соответствующих сведений в ИАС ТБД;»;
      подпункт 6) изложить в следующей редакции:
      «6) передача данных в ИАС ТБД Ситуационного центра Комитета транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (далее - Ситуационный центр).»;
      подпункт 4) пункта 9 изложить в следующей редакции:
      «4) при выявлении превышения весогабаритных параметров автотранспортных средств, фотоизображения и информация об автотранспортном средстве сохраняются в ИАС ТБД для формирования отчета о нарушениях;».
      2. Комитету транспорта Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан (Асавбаев А.А.) обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) направление копии настоящего приказа в печатном и электронном виде на официальное опубликование в периодические печатные издания и информационно-правовую систему «Әділет» в течение десяти календарных дней после его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан, а также в Республиканский центр правовой информации в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного приказа для включения в эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и на интранет-портале государственных органов;
      4) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) пункта 2 настоящего приказа.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по
      инвестициям и развитию
      Республики Казахстан                       А. Исекешев

"Арнайы автоманттандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 23 ақпандағы № 220 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 наурызда № 13530 болып тіркелді

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1–бабының 1–тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 689 бұйрығына (Нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8788 болып тіркелген, 2013 жылғы 5 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 268 (28207) болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы автоматтандырылған өлшеу құралдарын пайдалану қағидаларында:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қағидаларда қолданылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
      1) аппараттық-бағдарламалық кешен – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
      2) арнайы автоматтандырылған өлшеу құралы – метрологиялық салыстырып тексеруден өткен, фото -, бейнетүсірілімді жүзеге асыратын, автоматты режимде жұмыс істейтін, автокөлік құралдарының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу белгісін, салмақтық және (немесе) көлемдік параметрлерін және қозғалыс жылдамдығын тіркейтін сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық жабдығы;
      3) көлік құралдарын өлшеу – міндетті метрологиялық тексеруден өткен және тиісті сертификаты бар стационарлық үлгідегі салмақ өлшеу жабдығы немесе тасымалданатын ұтқыр таразылар көмегімен автокөлік құралдарының жалпы массасы мен білікке түсетін жүктемесін анықтау процесі;
      4) қатты жол қаптауы – жабындысы немесе цемент бетон немесе темір бетон негізіндегі жол қаптауы;
      5) қатты емес жол қаптауы – қабаттары асфальт бетонның бірнеше түрінен, битуммен, цементпен, әкпен бекітілген кешенді және басқа да тұтқыр материалдардан, сондай-ақ әлсіз байланған қиыршықты материалдардан жасалған жол қаптауы;
      6) өлшеу ауытқуы – өлшеу нәтижесінің өлшеніліп жатқан шаманың ақиқат (анық) мәнінен ауытқуы.»;
      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      «6-1. Автокөлік құралдарының салмақтық параметрлерін анықтаған кезде автокөлік құралы салмағының өлшенген мәнінен көліктік деректер қоры мен тасымалдау қауіпсіздігі динамикасының мониторингі ақпараттық талдау жүйесімен (бұдан әрі – КДҚ АТЖ) автоматты түрде шегерілетін жол қаптауы конструкциясының типіне қарай өлшеу ауытқуы ескеріледі.
      Өлшеу ауытқуы қатты жол қаптауы болған кезде: автокөлік құралдарының салмағынан – 5%, автокөлік құралдарының дара білікке түскен жүктемесінен – 8%, жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің біліктер саны үштен асатын сабақтас білікке, қосарланған және үштік біліктерге түскен жүктемесінен – 7% құрайды;
      Өлшеу ауытқуы қатты емес жол қаптауы болған кезде: автокөлік құралдарының салмағынан – 10%, автокөлік құралдарының дара білікке түскен жүктемесінен – 15%, жүк, арнайы бейімделген және арнаулы автомобильдердің, өзі аударғыштың, автобустың, тіркемелердің немесе жартылай тіркемелердің біліктер саны үштен асатын сабақтас білікке, қосарланған және үштік біліктерге түскен жүктемесінен – 13% құрайды.»;
      8-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) жүріп өтетін автокөлік құралдарын тіркеп, КДҚ АТЖ-ге тиісті мәліметтерді жіберу;»;
      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) деректерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің Ахуал орталығының (бұдан әрі – Ахуал орталығы) КДҚ АТЖ-ге жіберу.»;
      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) автокөлік құралдарының салмақтық габариттік параметрлерінің асуы анықталған кезде автокөлік құралы туралы фотобейне мен ақпарат бұзушылықтар туралы есепті қалыптастыру үшін КДҚ АТЖ-де сақталады;».
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік-құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі          Ә. Исекешев