О внесении изменения в приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 241 "Об утверждении Правил государственной регистрации объекта кондоминиума"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 мая 2016 года № 362. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 22 июня 2016 года № 13814

      В целях реализации Закона Республики Казахстан «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество», руководствуясь статьей 7 Закона Республики Казахстан «Об органах юстиции», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. В приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 24 августа 2007 года № 241 «Об утверждении Правил государственной регистрации объекта кондоминиума» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4945, опубликованный в Бюллетене нормативных правовых актов центральных исполнительных и иных государственных органов Республики Казахстан октябрь 2007 года № 10, статья 283) внести следующие изменения:
      в Правилах государственной регистрации объекта кондоминиума, утвержденных указанным приказом:
      пункт 18 изложить в следующей редакции:
      «18. Регистрация объекта кондоминиума осуществляется в течение трех рабочих дней с момента поступления заявления в регистрирующий орган».
      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан (Калимова В.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения настоящего приказа его направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
      Республики Казахстан                       Б. Имашев

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр информации и коммуникаций
      Республики Казахстан
      ____________Д.А. Абаев
      3 июня 2016 года

      «СОГЛАСОВАНО»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ____________ К.В. Бишимбаев
      14 июня 2016 года

"Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 362 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 22 маусымда № 13814 болып тіркелді

      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі м.а. 2007 жылғы 24 тамыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 4945 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінің 2007 жылғы қазандағы № 10 жарияланған, 283 құжат), мынадай өзгерістер енгізілсін:
      аталған бұйрықпен бекітілген Кондоминиум объектісін мемлекеттік тіркеу ережесін:
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Кондоминиум объектiсiн тiркеу өтiнiш тiркеушi органға келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні iшiнде жүзеге асырылады».
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оның «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      министрі
      ____________ Д.Ә. Абаев
      2016 жылғы 3 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика
      министрі
      ____________ Қ.У. Бишімбаев
      2016 жылғы 14 маусым