О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 января 2015 года № 5 "Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию и приобретению гражданского и служебного оружия и патронов к нему"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 19 мая 2016 года № 531. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан от 29 июня 2016 года № 13851

      В соответствии с подпунктом 1-1) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан от 16 мая 2014 года «О разрешениях и уведомлениях», ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 8 января 2015 года № 5 «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию и приобретению гражданского и служебного оружия и патронов к нему» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 10352, опубликованный 30 сентября 2015 года в информационно-правовой системе «Әділет») следующие изменения:
      заголовок приказа изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему»;
      пункт 1 приказа изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Квалификационные требования и перечень документов, подтверждающие соответствие им, для деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему»;
      наименование Квалификационных требований и перечня документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему, утвержденных указанным приказом изложить в следующей редакции:
      «Квалификационные требования и перечень документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему»;
      раздел «Перечень документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности по приобретению гражданского и служебного оружия и патронов к нему» исключить;
      приложение 2 к Квалификационным требованиям и перечню документов, подтверждающих соответствие им, для осуществления деятельности по разработке, производству, ремонту, торговле, коллекционированию, экспонированию гражданского и служебного оружия и патронов к нему исключить.
      2. Комитету административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение пяти рабочих дней после получения заключения государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление его копии в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его размещение на официальном интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Юридический департамент Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2), 3) и 4) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан генерал-майора полиции Тургумбаева Е.З. и Комитет административной полиции Министерства внутренних дел Республики Казахстан (Лепеха И.В.).
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении двадцати одного календарного дня после дня его первого официального опубликования.

      Министр
      генерал-полковник полиции                  К. Касымов

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр информации и коммуникаций
      Республики Казахстан
      _________________ Д. Абаев
      31 мая 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр по инвестициям и развитию
      Республики Казахстан
      _______________ А. Исекешев
      30 мая 2016 года

      «СОГЛАСОВАН»
      Министр национальной экономики
      Республики Казахстан
      ________________ К. Бишимбаев
      26 мая 2016 года

"Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 531 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 маусымда № 13851 болып тіркелді

      «Рұқсаттар мен хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 8 қаңтардағы № 5 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10352 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 30 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы»;
      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі бекітілсін»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау және сатып алу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, коллекцияға жинау, экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі»;
      «Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын сатып алу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі» деген бөлім алынып тасталсын;
      Азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, өндеу, сату, коллекцияға жинау және экспонаттау жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 2-қосымша алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу қорытындысын алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр
      полиция генерал-полковнигі                 Қ. Қасымов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар министрі
      ________________ Д. Абаев
      2016 жылғы 31 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму министрі
      ________________Ә. Исекешев
      2016 жылғы 30 мамыр

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________ Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 26 мамыр