О внесении изменений в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 "Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре"

Приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 27 мая 2016 года № 358. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2016 года № 13864

      В соответствии с пунктом 1 статьи 57 Закона Республики Казахстан от 26 июля 2007 года «О государственной регистрации прав на недвижимое имущество» ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 24 февраля 2015 года № 110 «Об утверждении Правил проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10539, опубликованный в информационно-правовой системе «Әділет» 15 апреля 2015 года) следующие изменения:
      в заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;
      в пункт 1 указанного приказа внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;
      в Правилах проведения систематической регистрации прав на недвижимое имущество в правовом кадастре, утвержденных указанным приказом:
      в заголовок внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;
      в пункт 1 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;
      в пункт 3 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;
      в абзац первый пункта 5 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Систематическая регистрация ранее возникших прав (обременении прав) на недвижимое имущество осуществляется в течение трех рабочих дней с момента поступления заявления правообладателей и (или) перевода действительных данных о ранее возникших прав (обременениях прав) из других информационных систем.»;
      в пункт 8 внесено изменение на казахском языке, текст на русском языке не меняется.
      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан (Калимова В.К.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения настоящего приказа его направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации Министерства Юстиции Республики Казахстан» для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства юстиции Республики Казахстан.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя Министра юстиции Республики Казахстан.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр юстиции
      Республики Казахстан                       Б. Имашев

«СОГЛАСОВАНО»
Министр информации и коммуникаций
Республики Казахстан
___________Д. Абаев
28 июня 2016 года

«СОГЛАСОВАНО»
Министр финансов
Республики Казахстан
________Б. Султанов
12 июня 2016 года

«СОГЛАСОВАНО»
Министр национальной
экономики Республики Казахстан
___________К. Бишимбаев
22 июня 2016 года

"Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 27 мамырдағы № 358 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 шілдеде № 13864 болып тіркелді

      «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» 2007 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 24 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде (№ 10539 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;
      көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «1. Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі тіркеуді жүргізу ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тілінде мәтіні өзгермейді:
      «Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелі түрде тіркеу жүргізу қағидалары»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «1. Осы Құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке құқықтарды жүйелi түрде тiркеу жүргiзу қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленіп, құқықтық кадастрды жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы мәлiметтермен толықтыру мақсатында құқықтарды жүйелi түрде тiркеу жүргiзудiң мерзiмi мен тәртiбiн айқындайды және есепке алу сипатында болады.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «3. Осы Қағидалар облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдарына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының жер қатынастары жөнiндегi уәкiлеттi органдарына, мемлекеттiк мүлік жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен оның аумақтық органдарына, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдарының сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органдарына, тiркеушi органға (бұдан әрi - мемлекеттiк органдар) қолданылады.»;
      5-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «5. Осы Қағидаларда мынадай терминдер және анықтамалар пайдаланылады:»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Жылжымайтын мүлiкке бұрын туындаған құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) жүйелi түрде тiркеу құқық иеленушiлердiң өтiнiшi келiп түскен және (немесе) бұрын туындаған құқықтар (құқықтық ауыртпалықтар) туралы шынайы деректер басқа ақпараттық жүйелерден ауыстырылған сәттен бастап үш жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:
      «8. Осы Қағидалардың 6-тармағында аталған мемлекеттік органдар ақпаратты тіркеуші органға жүйелі түрде тіркеу шеңберінде өтеусіз негізде ұсынады.»
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті (В.Қ. Калимова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін оны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                            Б. Имашев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ақпарат және коммуникациялар
      министрі
      ____________Д. Абаев
      2016 жылғы 28 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________Б. Сұлтанов
      2016 жылғы 2 маусым

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ____________Қ. Бишімбаев
      2016 жылғы 22 маусым