О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 13 "Об утверждении Правил деятельности и состав комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан на усыновление"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 30 июня 2016 года № 415. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 5 августа 2016 года № 14078

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 16 января 2015 года № 13 «Об утверждении Правил деятельности и состав комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан на усыновление» (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 10288, опубликованный в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан «Әділет» 3 марта 2015 года) следующие изменения:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Об утверждении Правил деятельности и определения состава комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление»;
      пункт 1 изложить в следующей редакции:
      «1. Утвердить прилагаемые Правила деятельности и определения состава комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление.»;
      в Правилах деятельности и состав комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление, утвержденных указанным приказом:
      заголовок изложить в следующей редакции:
      «Правила деятельности и определения состава комиссии, выдающей заключение о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление»;
      пункт 3 изложить в следующей редакции:
      «3. Основными функциями комиссии являются:
      1) заслушивание органов, осуществляющих функции по опеке и попечительству (далее – орган) в соответствии с Постановлением о предпринятых мерах по устройству детей в семьи на усыновление, под опеку или попечительство, на патронатное воспитание либо в приемную семью;
      2) подготовка заключения о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей, (далее – дети) на усыновление.»;
      пункт 5 изложить в следующей редакции:
      «5. Комиссия создается при местных исполнительных органах района, города областного, республиканского значения, столицы.
      В комиссию входят руководитель управления образования области, отдела образования района, города областного, республиканского значения, столицы (председатель комиссии), специалист, осуществляющий функции по опеке и попечительству (секретарь комиссии), представители местных исполнительных органов, органов внутренних дел и неправительственных организаций, занимающихся вопросами защиты прав детей.
      Члены комиссии принимают участие в заседаниях комиссии без права замены.»;
      пункт 7 изложить в следующей редакции:
      «7. Документы (копия свидетельства о рождении ребенка, документы, подтверждающие социальный статус ребенка, заявлениеребенка, достигшего возраста десяти лет о согласии на усыновление), подлежащие рассмотрению на комиссии, готовятся органом района, города областного, республиканского значения, столицы и рассматриваются в течение десяти рабочих дней с момента их поступления.
      В целях обеспечения своевременного и качественного рассмотрения материалов, поступивших на рассмотрение комиссии, они предварительно изучаются в течение семи рабочих дней председателем и членами комиссии.
      В процессе предварительного изучения поступивших на рассмотрение материалов комиссия определяет:
      круг лиц, подлежащих вызову или приглашению на заседание комиссии;
      необходимость проведения дополнительной проверки обстоятельств, имеющих значение для правильного и своевременного рассмотрения материалов, а также истребования дополнительных материалов.»;
      пункт 10 изложить в следующей редакции:
      «Принятое решение комиссии оформляется в форме заключения о возможности (невозможности) выдачи разрешения о передаче детей, являющихся гражданами Республики Казахстан, на усыновление согласно приложению к настоящим Правилам (далее – заключение).
      Копия заключения в течение трех рабочих дней направляется в орган.
      2. Комитету по охране прав детей (Абдыкарим М.С.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копий на официальное опубликование в информационно-правовую систему «Әділет» и периодические печатные издания на электронном носителе с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью;
      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде, заверенной печатью Министерства образования и науки Республики Казахстан и удостоверенной электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, для включения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;
      5) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования.

      Министр
 образования и науки
Республики Казахстан                            Е. Сагадиев

"Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 30 маусымдағы № 415 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 тамызда № 14078 болып тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 наурызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларында және құрамында:
      тақырыбы мындай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды беретін комиссияның қызметі мен құрамын айқындаудың қағидалары»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Комиссияның негізгі функциялары:
      1) Қаулыға сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарды (бұдан әрі – орган) балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа отбасына, патронаттық тәрбиеге не баланы қабылдайтын отбасыға орналастыру бойынша қолданылған шаралары туралы тыңдау;
      2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (бұдан әрі – балалар) асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды дайындау болып табылады.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Комиссия ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының жанынан құрылады.
      Облыстың білім басқармасының, ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім бөлімінің басшысы (комиссия төрағасы), қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын маман (комиссия хатшысы), жергілікті атқарушы органдарының, ішкі істер органдарының және балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері комиссияға кіреді.
      Комиссия мүшелері комиссия отырыстарына алмасу құқығынсыз қатысады.»;
      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Комиссияда қарауға жататын құжаттарды (баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, баланың әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар, он жасқа толған баланың асырап алуға келісім беруі туралы өтініші) ауданның, облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың органы дайындайды және олар түскен сәттен бастап он жұмыс күні ішінде қаралады.
      Комиссия қарауына түскен материалдардың уақтылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету мақсатында комиссия төрағасы мен мүшелері оларды жеті жұмыс күні ішінде алдын ала зерделейді.
      Қарауға түскен материалдарды алдын ала зерделеу процесінде комиссия:
      комиссия отырысына шақырып алынуға немесе шақырылуға жататын адамдар тобын;
      материалдардың уақтылы және дұрыс қаралуы үшін маңызы бар мән-жайларды қосымша тексеруден өткізу, сондай-ақ қосымша материалдарды талап ету қажеттігін айқындайды.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Комиссия қабылдаған шешім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды нысанда (бұдан әрі - қорытынды) ресімделеді.
      Қорытынды көшірмесі үш жұмыс күні ішінде органға жіберіледі.».
      2. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С. Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және  3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                  Е. Сағадиев