О внесении изменения в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 521"Об утверждении минимального социального стандарта дошкольного воспитания и обучения"

Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 28 июля 2016 года № 471. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 сентября 2016 года № 14197

      ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 августа 2015 года № 521 "Об утверждении минимального социального стандарта дошкольного воспитания и обучения" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 12028, опубликованный в Информационно-правовой системе нормативных правовых актов Республики Казахстан "Әділет" 15 сентября 2015 года) следующее изменение:
      Приложение к Минимальному социальному стандарту дошкольного воспитания и обучения, утвержденного указанным приказом изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.
      2. Департаменту дошкольного и среднего образования (Жонтаева Ж.А.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа направление его копии на официальное опубликование в Информационно-правовой системе "Әділет" и периодических печатных изданиях на электронном носителе с приложением бумажного экземпляра, заверенного гербовой печатью;
      3) в течение пяти рабочих дней со дня получения зарегистрированного настоящего приказа направление его копии в печатном и электронном виде, заверенной печатью Министерства образования и науки Республики Казахстан и удостоверенной электронной цифровой подписью лица, уполномоченного подписывать настоящий приказ, для внесения в Эталонный контрольный банк нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства образования и науки Республики Казахстан;
      5) в течении десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы и международного сотрудничества Министерства образования и науки Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1), 2) и 3) настоящего пункта.
      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на вице-министра образования и науки Республики Казахстан Суханбердиеву Э.А.
      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Министр
образования и науки
Республики Казахстан

Е. Сагадиев



Приложение
к приказу
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 28 июля 2016 года № 471
Приложение
к Минимальному социальному стандарту
дошкольного воспитания и обучения,
утвержденного приказом
Министра образования и науки
Республики Казахстан
от 10 августа 2015 года № 521

Нормы и нормативы минимального социального стандарта
дошкольного воспитания и обучения


п/п
 
Наименование
нормы/
норматива
 
Нормативный
правовой акт,
регулирующий
норму/
нормативов
 
Категории лиц,
имеющих право
на минимальный
социальный
стандарт
по нормам/
нормативам
 
Размер нормы/норматива
 

1
 

Норматив подушевого финансирования дошкольного воспитания и обучения детей, находящихся в организациях дошкольного образования
 

Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании";
 

Дети дошкольного возраста, находящиеся в дошкольных организациях
 

Местные исполнительные органы города республиканского значения и столицы, района (города областного значения) утверждают размер подушевого финансирования и родительской платы за питание.
 

2
 

Нормы оснащения оборудованием и мебелью организаций дошкольного образования
 

Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании";
Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 22 января 2016 года № 70 "Об утверждении норм оснащения оборудованием и мебелью организаций дошкольного, среднего образования, а также специальных организаций образования" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 13272);
Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 17 марта 2015 года № 217 "Об утверждении Санитарных правил "Санитарно-эпидемиологические требования к объектам дошкольного воспитания и обучения детей" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов Республики Казахстан под № 10975) (далее – Приказ № 217);
 

Дети дошкольного возраста, находящиеся в дошкольных организациях
 

Местный исполнительный орган города республиканского значения и столицы осуществляет материально-техническое обеспечение организаций дошкольного воспитания и обучения;
Тематический перечень игрушек, перечень оборудования для возрастных групп, для медицинской комнаты, спортивного зала.
Требования к маркировке и размеру мебели размещаемых в комнатах объектов образования (цвет, высота, типы и разновидность, расстояния мебели от пола, от стены, друг от друга, в зависимости от росто-возрастных особенностей детей).
Количество мебели и оборудования показано в единицах измерения (количество, штука, набор, комплект).
Мебель и оборудование объектов соответствуют росто-возрастным особенностям детей. Набор, количество и размер оборудования предусматривают с учетом профиля объектов, специфики помещений. Оборудование спален мягким и твердым инвентарем, стирка и маркировка белья дошкольных организаций с дневным пребыванием детей соответствуют требованиям к условиям проживания детей в дошкольных организациях с круглосуточным пребыванием.
 

3
 

Нормы социальной и медико-педагогической коррекционной поддержки детей с ограниченными возможностями
 

Закон Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании";
Закон Республики Казахстан от 11 июля 2002 года "О социальной и медико-педагогической коррекционной поддержке детей с ограниченными возможностями"
"Типовые правила деятельности специальных организаций образования" утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 мая 2013 года № 499.
 

Дети дошкольного возраста с ограниченными возможностями, находящиеся в дошкольных организациях
 

Местный исполнительный орган области обеспечивает обучение детей по специальным общеобразовательным учебным программам;
В соответствии с заключением психолого-медико-педагогических консультаций и индивидуальным планом обучения дети с ограниченными возможностями получают дошкольное воспитание и обучение с трехлетнего возраста.
В санаторных ясли-садах, дошкольных организациях для детей с ограниченными возможностями содержание детей предоставляется на бесплатной основе.
Наполняемость групп:
1) с нарушениями слуха: для неслышащих – не более 8 детей, для слабослышащих и позднооглохших – не более 10 детей;
2) с нарушениями зрения: для незрячих – не более 8 детей, для слабовидящих и поздноослепших – не более 12 детей;
3) с нарушениями функции опорно-двигательного аппарата – не более 12 детей;
4) с нарушениями речи – не более 12 детей;
5) с умственной отсталостью – не более 8 детей;
6) с задержкой психического развития – не более 12 детей;
7) с расстройством эмоционально-волевой сферы и поведения - не более 6 детей;
8) со сложными нарушениями, в том числе со слепоглухотой, – не более 6 детей.
 

4
 

Нормы санитарно-эпидемиологических требований
 

Приказ № 217
 

Дети дошкольного возраста, находящиеся в дошкольных организациях
 

Мебель и оборудование объектов соответствуют росто-возрастным особенностям детей. Набор, количество и размер оборудования предусматривают с учетом профиля объектов, специфики помещений.
Оборудование спален мягким и твердым инвентарем, стирка и маркировка белья дошкольных организаций с дневным пребыванием детей соответствуют требованиям к условиям проживания детей в дошкольных организациях с круглосуточным пребыванием.
 


"Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 521 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 шілдедегі № 471 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 қыркүйекте № 14197 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 521 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12028 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 қыркүйектегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың ең төмен әлеуметтік стандартына қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін, күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
      3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Э.А. Суханбердиеваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі                        Е. Сағадиев

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2016 жылғы 28 шілдедегі  
№ 471 бұйрығына қосымша   

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 10 тамыздағы  
№ 521 бұйрығымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен
оқытудың ең төмен әлеуметтік
стандартына қосымша    

Норманың/нормативтің атауы Норманы/нормативтерді реттейтін нормативтік-құқықтық акт Нормалар/нормативтер бойынша ең төмен әлеуметтік стандарттың құқығына ие тұлғалардың санаттары Норманың/нормативтің мөлшері

1

Мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуді және оқытуды жан басына шаққанда қаржыландырудың нормативі

«Білім туралы»
2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Республикалық маңызды қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызды қаланың) жергілікті атқарушы органдары жан басына шаққанда қаржыландырудың және тамақтану үшін ата-аналар төлемінің мөлшерін бекітеді.

2

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын құралдармен және жиҺазбен жарақтандыру нормалары

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 тіркелген);
«Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 217 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10975 тіркелген);

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Республикалық маңызды қаланың және астананың жергілікті атқарушы органы мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады;
Ойыншықтардың тақырыптық тізбесі, жас топтарына, медициналық бөлмеге, спорттық залға және басқаларға арналған жабдықтар тізбесі;
Білім беру объектілерінің бөлмелерінде орналасқан жиһазды таңбалауға және өлшеміне (түсі, биіктігі, типтері және түрі, жиһаздың еденнен, қабырғадан, бір-бірінен ара қашықтығы, баланың жасына және бойына байланыстылығы) қойылатын талаптар;
Жиһаз бен жабдықтар саны өлшем бірліктерінде (саны, дана, жиынтық, жинақ) көрсетілген;
Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.
Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

3

Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау нормалары

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Арнайы білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары»

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі балалар

Облыстың жергілікті атқарушы органы балаларды арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша оқытуды қамтамасыз етеді;
Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялардың қорытындысына және оқытудың жеке жоспарына сәйкес кемтар балалар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды үш жастан бастап алуына болады.
Санаториялық бөбекжай-балабақшаларда, мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі балаларды тегін күтіп ұстау ұсынылады.
Топтардың толымдылығы:
1) есту қабілеті бұзылған:
естімейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар еститіндер мен кейіннен саңырау болып қалғандар үшін - 10 баладан көп емес;
2) көру қабілеті бұзылған: көзі көрмейтіндер үшін - 8 баладан көп емес, нашар көретіндер мен кейіннен соқыр болып қалғандар үшін - 12 баладан көп емес;
3) тірек-қозғалыс аппаратының функциялары бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;
4) сөйлеу қабілеті бұзылғандар үшін - 12 баладан көп емес;
5) ақыл-ойы кенжелеп қалғандар үшін - 8 баладан көп емес;
6) психикалық дамуы тежелгендер үшін - 12 баладан көп емес;
7) эмоциялық-еркі жағынан және мінез-құлқы бұзылғандар үшін - 6 баладан көп емес;
8) күрделі бұзылыстары бар, оның ішінде соқыр-саңырау болып қалғандар үшін - 6 баладан көп емес.

4

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар нормалары

№ 217 бұйрық

Мектепке дейінгі ұйымдардағы мектеп жасына дейінгі балалар

Объектілердің жиһазы мен жабдығы балалардың бойына, жас ерекшеліктеріне сәйкес келеді. Жабдықтың жиыны, саны және көлемі объектінің бейінін, үй-жайлардың ерекшелігін есепке ала отырып көзделеді.
Жатын бөлмелерді жұмсақ және қатты мүкәммалмен жабдықтау, балалар күндіз болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы киім-кешектерді жуу және оны таңбалау тәулік бойы болатын мектепке дейінгі ұйымдардағы балалардың тұру жағдайларына қойылатын талаптарға сәйкес келеді.