О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 августа 2011 года № 423 "Об утверждении Правил проведения инвентаризации в государственных учреждениях"

Приказ Министра финансов Республики Казахстан от 13 сентября 2016 года № 491. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 14 октября 2016 года № 14328

       ПРИКАЗЫВАЮ:
      1. Внести в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 22 августа 2011 года № 423 «Об утверждении Правил проведения инвентаризации в государственных учреждениях» (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 7197), следующее изменение:
      в Правилах проведения инвентаризации в государственных учреждениях, утвержденных указанным приказом:
      пункт 9 изложить в следующей редакции, текст на государственном языке не меняется;
      «9. Инвентаризация проводится при обязательном участии всех членов инвентаризационной комиссии в полном составе.
      Материально ответственные лица не являются членами инвентаризационной комиссии.».
      2. Департаменту методологии бухгалтерского учета и аудита Министерства финансов Республики Казахстан (Бектурова А.Т.) в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;
      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и информационно-правовой системе «Әділет»;
      3) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан его направление в Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Республиканский центр правовой информации» Министерства юстиции Республики Казахстан для размещения в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан;
      4) размещение настоящего приказа на интернет - ресурсе Министерства финансов Республики Казахстан.
      3. Настоящий приказ вводится в действие со дня его государственной регистрации.

      Министр финансов
      Республики Казахстан                       Б. Султанов

"Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 491 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 14 қазанда № 14328 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2011 жылғы 22 тамыздағы № 423 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 7197 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидасында:
      9-тармақта орыс тілдегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп пен аудит әдіснамасы департаменті (А.Т. Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберілуін;
      4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов