Об определении перечня приоритетных направлений расходов районного бюджета

Постановление акимата Буландынского района Акмолинской области от 10 августа 2016 года № а-08/249. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 6 сентября 2016 года № 5516.

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.
      В соответствии с пунктом 213 Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утвержденных Приказом Министра финансов Республики Казахстан от 4 декабря 2014 года № 540 "Об утверждении Правил исполнения бюджета и его кассового обслуживания" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9934), акимат Буландынского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      Сноска. Преамбула - в редакции постановления акимата Буландынского района Акмолинской области от 27.08.2019 № А-08/236 (вводится в действие со дня официального опубликования).
      1. Определить перечень приоритетных направлений расходов районного бюджета, согласно приложению к настоящему постановлению.
      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Буландынского района Смагулова О.К.
      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким района К.Испергенов

  Приложение
к постановлению акимата
Буландынского района
от 10.08. 2016 года
№ а-08/249

Перечень приоритетных направлений расходов районного бюджета

      1. Выплата заработной платы и других денежных выплат, в том числе заработная плата технического персонала и все удержания из заработной платы.
      2. Денежные компенсации, предусмотренные законодательными актами Республики Казахстан.
      3. Алименты, обязательные пенсионные взносы, добровольные пенсионные взносы, социальные отчисления, пособия и другие социальные выплаты, стипендии.
      4. Оплата банковских услуг, выплаты по погашению и обслуживанию долговых обязательств, трансферты органов местного самоуправления, налоги и другие обязательные платежи в бюджет.
      5. Расходы на приобретение топлива (в части отопления зданий), услуг по организации питания, приобретение продуктов питания и медикаментов.
      6. Исполнение исполнительных документов и судебных актов.
      7. Целевые текущие трансферты, целевые трансферты на развитие, бюджетные кредиты из вышестоящего государственного бюджета.

Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесін анықтау туралы

Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 10 тамыздағы № а-08/249 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 6 қыркүйекте № 5516 болып тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 213-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) сәйкес, Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Ақмола облысы Бұланды ауданы әкімдігінің 27.08.2019 № А-08/236 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі анықталсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бұланды ауданы әкімінің орынбасары О.Қ.Смағұловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Испергенов

  Бұланды ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 10.08
№ а-08/249 қаулысына
қосымша

Аудандық бюджет шығыстарының басым бағыттарының тізбесі

      1. Еңбекақы және өзге ақшалай төлемдерді төлеу, соның ішінде техникалық персоналдың еңбекақысы және еңбекақыдан барлық ұстап қалулар.
      2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылған ақшалай өтемақылар.
      3. Алимент, міндетті зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жәрдемақылар және өзге әлеуметтік төлемдер, шәкіртақылар.
      4. Банк қызметтеріне төлем жасау, қарыздық міндеттемелерді өтеу және қызмет көрсету бойынша төлемдер, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына берілетін трансферттер, салықтар және бюджетке төленетін өзге міндетті төлемдер.
      5. Жанармай сатып алу (ғимараттарды жылытуға қатысты), тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтер, азық-түлік және дәрі-дәрмектерді сатып алу үшін шығындар.
      6. Атқарушылық құжаттарды және сот актілерін орындау.
      7. Ағымдағы мақсатты трансферттер, мақсатты даму трансферттері, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін кредиттер.