О внесении изменения в постановление акимата города Талдыкорган от 8 мая 2015 года № 11-400 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган"

Постановление акимата города Талдыкорган Алматинской области от 05 февраля 2016 года № 5-80. Зарегистрировано Департаментом юстиции Алматинской области 16 марта 2016 года № 3752

      В соответствии со статьей 21 Закона Республики Казахстан от 24 марта 1998 года "О нормативных правовых актах", с пунктом 4 статьи 38 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 18 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе", пунктом 18 статьи 1 Закона Республики Казахстан от 29 октября 2015 года "О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам предпринимательства" и Указом Президента Республики Казахстан от 29 октября 2012 года № 410 "Об утверждении Типового положения государственного органа Республики Казахстан", акимат города ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в Положение о государственном учреждении "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган", утвержденное постановлением акимата города Талдыкорган от 8 мая 2015 года № 11-400 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов от 10 июня 2015 года № 3219, опубликованного в газете "Талдыкорган" от 26 июня 2015 года № 28) следующее изменение:
      подпункт 3) пункта 17 указанного Положения изложить в следующей редакции:
      "3) проводить проверки в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан".
      2. Руководителю государственного учреждения "Отдел жилищной инспекции города Талдыкорган" осуществить официальное опубликование настоящего постановления после государственной регистрации в органах юстиции на интернет-ресурсе, определяемом Правительством Республики Казахстан и интернет-ресурсе акимата города, а также в газете "Талдыкорган", периодическом печатном издании, получившим право официального опубликования нормативных правовых постановлений акимата города и нормативных правовых решений акима города.
      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима города, курирующего сферу жилищных отношений.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
 

      Аким города

Б. Карасаев

   

Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" № 11-400 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Алматы облысы Талдықорған қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 05 ақпандағы № 5-80 қаулысы. Алматы облысы Әділет департаментінде 2016 жылы 16 наурызда № 3752 болып тіркелді

      "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 38-бабы 4-тармағына, "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы 8) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 18-тармағына және "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Талдықорған қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 8 мамырдағы "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылдың 10 маусымдағы № 3219 тіркелген, "Талдықорған" газетінде 2015 жылдың 26 маусымында № 28 жарияланған) № 11-400 қаулысымен бекітілген "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге келесі өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген Ереженің 17-тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      "3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер жүргізуге".
      2. "Талдықорған қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының ресми жариялануын әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және қала әкімдігінің интернет-ресурсында, сондай-ақ, қала әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулыларын және қала әкімінің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау құқығын алған мерзімді баспа басылымы "Талдықорған" газетінде жариялануын жүзеге асырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Қала әкімі

Б. Қарасаев