О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Решение Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 17 февраля 2016 года № 431. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 3 марта 2016 года № 3690. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 23 февраля 2017 года № 135

      О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
      Сноска. Утратило силу решением Сатпаевского городского маслихата Карагандинской области от 23.02.2017 № 135 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и Законом Республики Казахстан от 27 июля 2007 года "Об образовании" городской маслихат РЕШИЛ:
      1. Установить на 2016 год льготный проезд на общественном транспорте (кроме такси) следующим категориям учащихся города Сатпаев:
      1) учащимся общеобразовательных учебных заведений с первого по восьмой классы включительно – бесплатный проезд (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели);
      2) учащимся общеобразовательных учебных заведений с девятого по одиннадцатый классы включительно – с оплатой 50% существующего тарифа (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели);
      3) учащимся профессиональных школ, колледжей, высших учебных заведений очной формы обучения – с оплатой 50% существующего тарифа (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели);
      4) учащимся общеобразовательных учебных заведений с первого по одиннадцатый классы включительно, профессиональных школ, колледжей, высших учебных заведений очной формы обучения из следующих категорий граждан, которым оказывается социальная помощь – бесплатный проезд (за исключением периодов каникул и выходного дня каждой недели):
      дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей;
      дети с ограниченными возможностями в развитии, инвалиды и инвалиды с детства, дети-инвалиды;
      дети из многодетных семей;
      дети, находящиеся в центрах адаптации несовершеннолетних;
      дети, проживающие в школах-интернатах общего и санаторного типов, интернатах при школах;
      дети, воспитывающиеся и обучающиеся в специализированных интернатных организациях образования для одаренных детей;
      воспитанники интернатных организаций;
      дети из семей, имеющих право на получение государственной адресной социальной помощи, а также из семей, не получающих государственную адресную социальную помощь, в которых среднедушевой доход ниже величины прожиточного минимума;
      дети, которые по состоянию здоровья в течение длительного времени обучаются по программам начального, основного среднего, общего среднего образования на дому или в организациях, оказывающих стационарную помощь, а также восстановительное лечение и медицинскую реабилитацию;
      дети из неполных семей.
      2. Признать утратившим силу решение Сатпаевского городского маслихата от 26 февраля 2015 года № 318 "О льготном проезде на общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 3052, опубликовано в газете "Шарайна" от 27 марта 2015 года № 12 (2150) и в информационно-правовой системе "Әділет" 30 марта 2015 года).
      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию по вопросам социальной сферы, правопорядка и социальной защиты населения (председатель Мурзакануров Султанбек Алиевич).
      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель сессии Ж. Кунедилов
      Секретарь
городского маслихата
Т. Хмилярчук

Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы № 431 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 3 наурызда № 3690 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 23 ақпандағы № 135 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихатының 23.02.2017 № 135 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. 2016 жылы қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру Сәтбаев қаласының төмендегі оқушылар санаттарына белгіленсін:
      1) жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      2) жалпы білім беру оқу орындарының тоғызыншыдан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      3) кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларын – белгіленген тарифтің 50% төлеумен (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда);
      4) әлеуметтік көмек көрсетілетін мына азаматтар санатына жалпы білім беру оқу орындарының біріншіден он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда, кәсіби мектептердің, колледждердің, жоғары оқу орындарының күндізгі оқу нысаны бойынша оқушыларына – тегін жол жүру (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда):
      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
      даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
      көп балалы отбасылардың балалары;
      кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар;
      жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарында, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балалар;
      дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балалар;
      интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері;
      мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан балалар;
      денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ уақыт бойы үйде немесе стационарлық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда оқитын балалар;
      толық емес отбасынан шыққан балалар.
      2. "Күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы" Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 ақпандағы № 318 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3052 болып тіркелген, 2015 жылғы 27 наурыздағы "Шарайна" № 12 (2150) газетінде және 2015 жылғы 30 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы Мырзақоңыров Сұлтанбек Әлиұлы) жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Ж. Күнеділов
      Қалалық
      мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук