О внесении изменений и дополнений в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района"

Решение 3 сессии Абайского районного маслихата Карагандинской области от 3 мая 2016 года № 3/34. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 16 мая 2016 года № 3783. Утратило силу решением Абайского районного маслихата Карагандинской области от 26 декабря 2023 года № 15/147

      Сноска. Утратило cилу решением Абайского районного маслихата Карагандинской области от 26.12.2023 № 15/147 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", постановлениями Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2013 года № 504 "Об утверждении Типовых правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан" и от 4 марта 2016 года № 133 "Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов из республиканского бюджета на 2016 год областными бюджетами, бюджетами городов Астаны и Алматы на внедрение обусловленной денежной помощи по проекту "Өрлеу" Абайский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение 30 сессии Абайского районного маслихата от 12 июня 2014 года № 30/310 "Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 2674, опубликовано в районной газете "Абай-Ақиқат" от 12 июля 2014 года № 27 (4030), в информационно–правовой системе "Әділет" 17 июля 2014 года), следующие изменения и дополнения:

      в Правилах оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан Абайского района (далее – Правила), утвержденных указанным решением:

      1) подпункт 3) абзаца 2 пункта 10 изложить в следующей редакции:

      "наличие среднедушевого дохода, не превышающего порога в 0,6-кратном отношении к прожиточному минимуму.";

      2) дополнить пунктом 17-1 следующего содержания:

      "17-1. При обращении заявителя за социальной помощью на основе социального контракта проводится собеседование с гражданином.";

      3) дополнить пунктами 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 следующего содержания:

      "26-1. Социальная помощь на основе социального контракта предоставляется на условиях участия трудоспособных членов семьи (лица) в мерах содействия занятости и случае необходимости социальной адаптации членов семьи (лица), включая трудоспособных на срок действия социального контракта активизации семьи и выплачивается ежемесячно или единовременно за три месяца по заявлению претендента.";

      "26-2. Социальный контракт активизации семьи заключается согласно формам, утверждаемым приказом Министра здравоохранения и социального развития от 23 февраля 2015 года № 88 "Об утверждении форм социального контракта активизации семьи и индивидуального плана помощи семье" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10474).";

      "26-3. Социальный контракт активизации семьи заключается на шесть месяцев с возможностью пролонгации еще на шесть месяцев, но не более одного года при условии необходимости продления социальной адаптации членов семьи, и (или) не завершения трудоспособными членами семьи профессионального обучения и (или) прохождения молодежной практики и (или) занятости в социальных рабочих местах.";

      "26-4. Социальный контракт активизации семьи заключается в двух экземплярах, один из которых выдается заявителю под роспись в журнале регистрации, второй – хранится в уполномоченном органе, заключившим социальный контракт активизации семьи.";

      4) пункт 27 исключить;

      5) пункт 32 изложить в следующей редакции:

      "32. Мониторинг и учет предоставления социальной помощи проводит уполномоченный орган с использованием базы данных автоматизированной информационной системы "Е-Собес" и "Социальная помощь".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии В. Черепанов
      Секретарь Абайского
районного маслихата
Б. Цай

      СОГЛАСОВАНО:

      Руководитель государственного
учреждения "Отдел занятости
      и социальных программ
Абайского района"
З. Шакентаев

      3 мая 2016 года

      Руководитель государственного
учреждения "Отдел экономики и
финансов Абайского района"
Б. Муталяпова

      3 мая 2016 года

Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы

Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2016 жылғы 3 мамырдағы 3 сессиясының № 3/34 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 16 мамырда № 3783 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 15/147 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 4 наурыздағы № 133 "Облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен "Өрлеу" жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті ендіруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы" қаулыларына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданынының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2674 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында (ары қарай – Қағидалар):

      1) 10 тармақтың 2 азат жолындағы 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "ең төменгі күнкөріс деңгейіне 0,6-еселіктегі қатынаста шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы.";

      2) келесі мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын:

      "17-1. Әлеуметтік келісімшарт негізінде әлеуметтік көмек үшін келген кезде азаматпен әңгімелесу жүргізіледі.";

      3) келесі мазмұндағы 26-1, 26-2, 26-3, 26-4 тармақтарымен толықтырылсын:

      "26-1. Әлеуметтік келісімшарт негізіндегі әлеуметтік көмек отбасының (адамның) еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысқан шарттарда және отбасы (адам) мүшелерінің, еңбекке қабілеттілерін қоса алғанда, отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты әрекет ететін мерзім ішінде әлеуметтік бейімделуі қажет болған жағдайда көрсетіледі және ай сайын немесе үміткердің өтініші бойынша үш айға біржола төленеді.";

      "26-2. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы "Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты мен отбасыға көмектің жеке жоспары нысандарын бекіту туралы" № 88 бұйрығымен бекітілген нысандарға сәйкес жасалады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10474 болып тіркелген).";

      "26-3. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты алты айға, бірақ отбасы мүшелерінің әлеуметтік бейімделуін ұзарту қажет болған және (немесе) отбасының еңбекке қабілетті мүшелері кәсіптік оқуын аяқтамаған және (немесе) жастар практикасынан өткен және (немесе) әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылған жағдайда бір жылдан асырмай алты айға ұзарту мүмкіндігімен жасалады.";

      "26-4. Отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшарты екі данада жасалады, оның біреуі өтініш берушіге тіркеу журналына қол қойғызу арқылы беріледі, екіншісі – отбасының белсенділігін арттырудың әлеуметтік келісімшартын жасаған уәкілетті органда сақталады.";

      4) 27 тармақ алынып тасталсын;

      5) 32 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "32. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингiн және есепке алуды уәкiлеттi орган "Е-собес" және "Әлеуметтік көмек" автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорларын пайдалана отырып жүргiзедi.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Черепанов
      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Абай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
З. Шакентаев

      2016 жылғы 3 мамыр

      "Абай ауданының экономика
және қаржы бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Б. Муталяпова

      2016 жылғы 3 мамыр