О предоставлении в 2017 году мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района

Решение 12 сессии Абайского районного маслихата Карагандинской области от 22 декабря 2016 года № 12/112. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 5 января 2017 года № 4082. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты" (далее – Постановление), Абайский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Предоставить в 2017 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района, подъемное пособие в сумме, равной семидесятикратному месячному расчетному показателю на момент подачи заявления.
      2. Предоставить в 2017 году специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты Абайского района, социальную поддержку для приобретения или строительства жилья в виде бюджетного кредита в сумме заявленной специалистом, но не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя на момент подачи заявления.
      3. Государственному учреждению "Отдел экономики и финансов Абайского района", как уполномоченному органу по развитию сельских территорий, в соответствии с Постановлением принять меры по реализации настоящего решения.
      4. Контроль за исполнением решения возложить на постоянную комиссию по экономике, жилищно-коммунальному хозяйству и аграрным вопросам (Лозинский М.З.).
      5. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Н. Белан
      Секретарь Абайского
районного маслихата
Б. Цай

      "СОГЛАСОВАНО"

      Руководитель государственного
учреждения "Отдел экономики
и финансов Абайского района"
Б. Муталяпова

      22 декабря 2016 год

Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы әлеуметтік қолдау шараларын беру туралы

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы 12 сессиясының № 12/112 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қаңтарда № 4082 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты өз әрекетін тоқтатты

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына (бұдан әрі - Қаулы) сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға 2017 жылы өтініш беру кезінде жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақысы берілсін.

      2. Абай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау 2017 жылы өтініш беру кезінде маманмен мәлімделген, бірақ бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит түрінде берілсін.

      3. Ауылдық аумақтарды дамыту бойынша әкілетті орган ретінде "Абай ауданының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы шешімді жүзеге асыру жөніндегі шараларды Қаулыға сәйкес қабылдасын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау экономика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін (М.З. Лозинский).

      5. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Белан
      Абай аудандық
мәслихатының хатшысы
Б. Цай

      "КЕЛІСІЛДІ":

      "Абай ауданының экономика
      және қаржы бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы Б. Муталяпова

      2016 жыл 22 желтоқсан